Home » Әлеумет » БІРЛІГІ БЕКЕМ ҚҰТ МЕКЕН

БІРЛІГІ БЕКЕМ ҚҰТ МЕКЕН

          Еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігі бұл саяси тұрақтылығымыздың негізі. Ешкімнің де ұлтына, тіліне қарап бөліп-жармай бауырына басқан тәуелсіз Қазақстан – құт мекен. Әр ұлттың өз тілінде еш кедергісіз білім алып, тарихын танып білуіне кеңінен жағдайлар жасалған. Соның нәтижесі болар елімізде саяси тұрақтылық пен ынтымақтастық қамалы берік қаланған.
             Міне, елдегі сол бір саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №22 «Қ.А.Яссауи» атындағы жалпы орта мектебінде жиын болып өтті. Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл елді мекенінде орналасқан аталмыш білім ұясында қазақ, өзбек және тәжік ұлтының балалары білім алады.
          Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен тәрбиелік мәні жоғары жиынға Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Жалғас Амантай, Жетісай АПБ-нің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Әділхан Муфтиллаев, «Нұр-Жетісай» мешітінің имамы Абдурахман Нұрматов, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Бақдәулет Нұрасаров, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторы Оңдасын Шәріпбай, мектеп директоры Құрбан Сыздықов пен мектептің 9 – 11 сынып оқушылары қатысты.
           «Бүгінде көп ұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан – тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналып отыр. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамуымыздағы барша жетістіктеріміз халқымыздың мызғымас достығының жемісі. Сондықтан, елдегі бірлікті сақтау, дамыту, өскелең ұрпақтың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту өте маңызды» дейді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов.
           Шара барысында аға буын өкілдері тарапынан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті тұратын ауданның өткені мен бүгіні, ертеңі жайында да сөз қозғалды. Күн санап әлемдік аренада өзіндік орынын айқындай түскен мемлекетіміздің дамуында өскелең ұрпақтың сауатты, иманды болуының маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, құзырлы орган қызметкерлері тарапынан кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде болуларына тыйым салу жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар анықталған жағдайда заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді.
             «Қоғамның басты тірегі – отбасы. Отбасының шаңырағы шайқалса қоғамның құты қашатыны секілді ұлттық рухани және адамгершілік құндылықтарды, жүрегіндегі жылылықты әлсіретіп алып, аяқ асты еткен қай қоғамның да көп ұзамай бордай тозары анық. Жас ұрпақтың – оқушыларымыздың жүректеріне иман нұрын ұялатып, күш-қуатын байыту мақсатында мектепішілік, ауылішілік ауқымды іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Нәтижесі де жақсы. Ауылымыз тыныш, жастарымыз тату» дейді №22 «Қ.А.Яссауи» атындағы жалпы орта мектебінің директоры Құрбан Сыздықов.
            Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай кездесу жиындары алдағы уақытта барлық мектептерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында өтетін болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...