Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
САПАСЫЗ ЖҮРГІЗІЛГЕН САУАЛНАМАЛАР УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » САПАСЫЗ ЖҮРГІЗІЛГЕН САУАЛНАМАЛАР УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРЕДІ

САПАСЫЗ ЖҮРГІЗІЛГЕН САУАЛНАМАЛАР УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРЕДІ

           Сапасыз жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері жоғары оқу орындарының беделіне нұқсан келтіреді. Бұл туралы Қарағанды медицина университетінің ректоры Анар Тұрмұхамбетова Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысында мәлімдеді.
            М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті. Жиынға қатысушылар университеттердің сессия нәтижелері мен аталған қауымдастықтың еліміздегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының дамуында атқаратын рөлін талқылады.
         Кездесу барысында Қарағанды медицина университетінің ректоры Анар Тұрмұхамбетова түрлі ұйымдар жүргізетін сауалнамалар негізінде жасалып жатқан ЖОО-лардың рейтингтері сапасыз екенін айтты.
         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүзеге асыратыноргандармен және «Жас Отан», «Қазақстан студенттерінің Альянсы» сияқты қоғамдық ұйымдармен байланысымызға қатысты айтар болсақ, біздің ойымызша, олардың кәсіби деңгейі төмен. Біз осы бағыт бойынша бірге жұмыс істегіміз келеді. Сапасыз сауалнамалардың нәтижелері жоғары оқу орындарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін», – деді Лига мүшесі.
            Оған жауап ретінде Лига Кеңесінің төрағасы Ерболат Мұхамеджан қауымдастық бұл сауалнамалардың нәтижелерін мойындамайтынын, қазіргі уақытта объективті деп санауға болатын жалғыз рейтинг –«Атамекен» ҚР ҰКП Білім беру бағдарламаларының рейтингі екенін мәлімдеді.
          «Мемлекеттің тапсырысымен жасалатын жалғыз объективті рейтинг бар. Ол – «Атамекен» ҚР ҰКП Білім беру бағдарламаларының рейтингі. Ең бастысы, ол жоғары рейтингтік позицияларды алуға мүдделі ЖОО-лардың тапсырысымен жасалмайды. Осыны ғана ұлттық рейтинг деп атауға болады және Лига мүшелері қазіргі уақытта тек осы рейтингті ғана мойындайды», – деді ол.
          Бұған дейін сапасыз рейтингтер мен оларға қатысатын жоғары оқу орындары туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікірін білдірген.
         «Қандай да бір газеттің нөмірін ашсаң, әсіресе қабылдаудың алдында, ұлттық рейтинг туралы оқисың. Газеттің басқа нөмірін ашсаң, ол жақта тағы да басқа ұлттық рейтигті көресің. Бұл адамдарды шатастыратыны сөзсіз. Әрқайсысы өзін ұлттық рейтинг деп атайды. Кейде сапасыз білім беретін университет қандай да бір бағыт бойынша үшінші орында екенін айтып, жар салады. Кейін оған тек үш университеттің қатысқаны анықталады. Шындығында, олар үшінші орында емес, соңғы орында», — деді министр.
Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...