Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

           Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Ресрубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Алға жемқорлықсыз Қазақстан!» ұранымен жастар спартакиадасы болып өтті.
          Шараның ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің бас мамандары Бекарыс Әбілдаев пен Ақжарқын Нөкерәулеті, «Ғ.Мұратбаев» атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрхал Жетібаева, спорт майталмандары мен ардагерлері қатысты.
         «Біз, жастар – еліміздің болашағы, ата-анамыздың үмітіміз. Тәуелсіз Отанымызды әлемдік ареналарда мойындатуға, беделін сақтап қалуға тиісті тұлғалармыз. Сондықтан, бүгінгі қоғамды жегі құрттай жеп отырған дерт – сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуіміз, жарқын болашағымызды бірге қалыптастыруымыз керек. Ол үшін дені сау орта, салауатты қоғам, жемқорлыққа қарсы мәдениеті дамыған тұлға қалыптастыру аса маңызды» деген аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бекарыс Әбілдаев спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
          Сонымен қатар, аға буын өкілдері жастарды елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, жемқорлық белгілері болып табылатын жағдаяттарға тоқталды. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдарымен, заңда белгіленген жауапкершіліктерін сөз етті. Әлемдік деңгейдегі қанатын кеңге жайған індетке қарсы мәдениетті қалыптастырып, адалдық жолынан адаспауға шақырды.
           Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға аталмыш оқу орнынан 30-ға тарта команда қатысып, кіші футбол, арқан тарту, үстел теннисі, қол күресі және волейбол секілді спорт түрлерінен өзара мықтыларды анықтады.
          «Бүгінгі шараның біз үшін маңызы жоғары. Өйткені, біз спартакиадаға белсене қатысу арқылы жемқорлыққа, зиянды әдеттерге қарсы өзіміздің көзқарасымызды білдіре алдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, онымен күрес жүргізуді біздің колледжде жиі басқосулар, дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар өтіп тұрады. Бұл спаорттық жарыс та сондай маңызы жоғары шаралардың бірі деп білеміз» дейді «Ғ.Мұратбаев» атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Аружан Нұржанқызы.
            Спартакиада соңында белсене қатысып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген жекелеген ойыншылар мен жүлделі орындарға ие болған командалар, жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...