Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ ЕНДІ ОБЛЫСТА БАҚ СЫНАЙДЫ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ ЕНДІ ОБЛЫСТА БАҚ СЫНАЙДЫ!

МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ ЕНДІ ОБЛЫСТА БАҚ СЫНАЙДЫ!

           Талдықорған қаласының облыс орталығы боп көшірілгеніне 20 жыл толуына орай, шаһарда жүзуден қалалық турнир өтті. Жарысқа 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Додада облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасындағы балалар бақ сынасты.
            «Бұл жарысқа осы бассейн ашылғалы бері қатысып жатқан кішкентай жасөспірім қыздар мен балалар бақтарын сынап, жетістікке жетіп жатыр. Осы жарыстан шыққан спортшыларымыз енді облыстық жарыстарға қатысатын болады» — деді, Алматы облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
           Жас спортшылар 50 метрге, 100 метрге еркін әдіспен жүзуден бақ сынасты. Дода нәтижесінде қыздар арасында 50 метрге еркін жүзуден 1-ші орынды Тоқтархан Дария, Елемес Саида, Айнабекова Аяжан иеленді. Ал, ұлдар арасында 50 метрге жүзіп, Амантай Жәңгірхан, Поддубный Богдан, Тұрғанов Шыңғыс 1 орынға ие болды. 100 метр еркін жүзіп, Сламғазы Аруна мен Ерсін Амантайұлы 1-ші орынды қанжығаларына еншіледі.
          «Мен осы спортта 4 жыл жүрмін. Бүгін мен бұл жарыста бірінші орын алдым. Және бұл мені баптаған жаттықтырушымның еңбегі деп білемін. Енді ертең Ақтөбе қаласында өтетін республикалық чемпионтқа қатысатын боламыз деді.»,- деді Аруна Сламғазы.
           Жарыс соңында жеңімпаздарды Алматы облысының әкімі орынбасары Арслан Дәндібаев құттықтап, медаль, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады. Қатысушылардың дені үшін бұл турнир алғашқы үлкен жарыс. Алайда, жасөспірімдердің бұл спорт түріне жақсы дайындалғаны байқалып тұрды. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, шара ауқымы кеңейе түспек.
Айман АСЫЛБЕК, Талдықорғаннан. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...