Home » Билік » МАҚСАТ ИСАЕВ: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – ХАЛЫҚ СЕНІМ БІЛДІРГЕН ТҰЛҒА»

МАҚСАТ ИСАЕВ: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – ХАЛЫҚ СЕНІМ БІЛДІРГЕН ТҰЛҒА»

            Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Исаев Мақсат Шамансұрұлы Жетісай ауданына арнайы іссапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың жаңалықтарымен бөлісіп, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру болатын.
         Семинар-кеңеске Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Есенкелді Алданиязов пен Асықата кенті мен Абай, Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков пен Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімдері, мемлекеттіе қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында Мақсат Шамансұрұлы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп кодексі талаптарының орындалуы барысы – мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтылды.
         Бүгінде облыста еңбек етіп жүрген 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің басым бөлігі телефонмен сөйлесуде, әлеуметтік желілерді қолдануда жиі қателіктер жіберетінін айтқан уәкіл кәсіпқой мемлекеттік қызмет корпусын қалыптастыра отырып, халық арасында беделін арттыру, тығыз байланыс орнату керектігін айтады.
«Мемлекеттік орган басшысы тұрақты түрде профилактикалық жұмыстарды жүргізіп отыруы керек. Мемлекеттік қызметкердің жұмыстан тыс уақыттарда да жүріп-тұруы сынға ұшырамауы керек. Өйткені, мемлекеттік қызмет – халық тарапынан артылып отырған үлкен сенім. Бұқараның билікке сенім артып отырғанының тағы бір айғағы ретінде биылғы жаңа жүйемен облысымызда 60 ауылдық округ әкімінің сайланғанын айта аламыз.
Сайлауда бюрократия мен трайбализмге жол берілмей, білімі мен біліктілігін көрсете білген 32 талапшыл, жаңашыл азаматтар мемлекеттік қызметке келіп, әкімдік лауазымға ие болды.  Сонымен қатар, заңдылықтарды сақтау мақсатында әрбір әкім шығарған өкімдері мен шешімдеріне сараптама жүргізіп отырулары керек» деді Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев.
          Жиынды қорытындылаған Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Әшірханұлы Мақсат Шамансұрұлына ауданға арнайы ат басын бұрып, семинар-кеңес өткізгені үшін ауданның мемлекеттік қызметшілері атынан алғысын білдірді. Мұнан соң облыс әкімінің әдеп уәкілі мемлекеттік қызметкерлерді жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді, талап-тілектерін тыңдады.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...