Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 800 АТАУЛЫ ГРАНТТАРЫН ҰСЫНАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 800 АТАУЛЫ ГРАНТТАРЫН ҰСЫНАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 800 АТАУЛЫ ГРАНТТАРЫН ҰСЫНАДЫ

          Халықаралық туризм және меймандостық университеті —Қазақстандағы туризм мен қонақжайлылық саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірінші мемлекеттік профильді университет.
           Халықаралық туризм және меймандостық университеті сіздерге келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды ұсынады:
  • В091-Туризм
  • В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
        Оқу ордасы жоғары сапалы білім береді, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметпен белсенді айналысады, сонымен қатар көптеген халықаралық ұйымдармен және қауымдастықтармен бірлесе жұмыс атқарады.
         Университет студенттері халықаралық ұйымдарда бірегей қарым-қатынас тәжірибесімен қатар сапалы білім алады, өз саласының әйгілі мамандарымен бірге оқуға және бүкіл әлем бойынша кәсіби тағылымдамадан өтуге мүмкіндікке ие болады.
        Неліктен студенттер Халықаралық туризм және меймандостық университетін таңдайды?
  • Бизнеске бағытталған білім беру бағдарламалары мен мамандықтардың кең ауқымы.
  • Ірі әлемдік компаниялар мен «Rixos Antalya» қонақүйлерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі, Түркия Республикасы.
  • Сапалы оқу мен керемет өмір сүру жағдайлары.
  • Жоғары білікті оқытушылар.
  • Жоғары топтағы студенттер Дүниежүзілік туристік ұйымында (UNWTO) білімі мен дағдыларын жетілдіреді.
          2021-2022 оқу жылына Мәдениет және спорт министрлігінен  университетімізге «В091-Туризм», «В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»  білім беру бағдарламалары бойынша 800 грант орындары бөлінді. Талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері география және шет тілі болуы қажет. ҰБТ —  ның жалпы балы 50-ден жоғары. Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша кемінде 5 балл болуы қажет!
            Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грант конкурсына құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 маусымы мен 19 тамызы аралығында жүргізіледі.Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 20-22 тамызы аралығында белгілі болады.
           Халықаралық туризм және меймандостық университеті туралы қосымша ақпаратты ресми сайттан, сондай -ақ келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады:
         Мекен-жайы: 161200, ҚР, Түркістан қ., Рабиға Сұлтан Бегім көш., 14Б.
         WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 225-83-27, +7 (777) 649-74-81, +7 (701) 703-57-57.
Instagram @tourism_university.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...