Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

          Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінің №16 қаулысының талаптарын түсіндіру бойынша – Жетісай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Жетісай қаласы әкімдігі мамандарының, аудандық полиция бөлімі инспекторларының қатысуымен, қаладағы адам тасымалымен айналысатын такси және қоғамдық көлік жүргізушілеріне рейдтік шара ұйымдастырылды.

Елдегі коронавирустық инфекцияның өріс алуына байланысты Түркістан облысының «Сары» аймаққа енуімен бұқаралық іс-шараларды, тойханаларда адам көп шоғырландырып той өткізу мен тұрғылықты мекен-жай бойынша отбасылық жиын-тойларды өткізуге қатаң тыйым салынатындығын, адамдар арасында коронавирустық инфекциялық аурудың таралуын шектеу мақсатында ауданда арнайы құрылған мобильді топ өкілдері мерекелік немесе той жиындарын өткізген азаматтарға заң шеңберінде айыппұл салу шарасын қолданатындығын ескерткен жұмысшы топ мүшелері қала ішілік және елдімекен аралық адам тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуы секілді санитарлық талаптың қатаң сақталуын тапсырды.

«Біз бірінші кезекте сақтық шараларын өзіміз үшін, отбасымыз үшін қатаң сақтауға тиіспіз. Өйткені, бүгінгі әлемді әуреге салған індет ешкімді аяп жатқан жоқ. Covid-19 пандемиясы мен вирусты пневманиядан сақтанудың тиімді тәсілі – гигиеналық-санитарлық тазалықты сақтау, маскалық режимді, карантиндік талаптарды орындау. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындардың басым бөлігі бетперде тағып, арақашықтықты сақтау, антисептикті пайдалану секілді ережелерді орындап жүр. Біз осындай тәртіппен ғана бір-бірімізге көмек бере аламыз, көптеген адамдардың өмірін арашалап қала аламыз. Осыны түсінулеріңіз керек» дейді шараны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облысаралық, қаларалық қоғамдық көліктердің адам тасымалына тыйым салынғанымен елді мекендерге жолаушы тасымалы қазірше тоқтай қойған жоқ.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...