Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙДА БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙДА БОЛДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙДА БОЛДЫ

             ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ертаев Сырым Махамбетұлы ауданымызға келіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Депутат бірінші кезекте «Ақ алтын» мақта корпорациясында болып ондағы жұмыстармен танысып, шаруалармен кездесу өткізді. Кездесуге Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Тимур Қырықбаев және аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл шаруашылығы саласындағы шаруа қожалықтарының басшылары, және кәсіпкерлер қатысты.
       Сырым Ертаев кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің жұмысы және алда тұрған міндеттері туралы баяндама жасады. Және ауылшаруашылығын қолдау бойынша мемлекеттен берілетін жеңілдіктер мен олардың алу жолдарын айтып өтті. Өзекті ойлар ортаға салынып ашық пікірлер айтылған жиында Жетісай ауданының бірқатар шаруа қожалықтарының төрағалары аграрлы сала бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, шаруалардың көкейінде жүрген түйткілді мәселелер баяндалды. Сонымен қатар, Жетісай қаласында орналасқан орталық емханасына барып, науқастарға қажетті құрал-жабдықтар, аппараттар және басқа да дәрілік, материалдық кем-кетіктер жайлы сұрап, алдағы уақытта емханаға қажетті жабдықтар бойынша емхана ұжымымен тікелей тілдесіп, науқастарға барынша жағдай жасалынуы керектігін айтты.
          Парламент мәжілісінің депутаты Жетісай қаласын ұлғайту мақсатында берілген 80 гектар аумақта салынып жатқан тұрғын-үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда 5 қабатты 60 пәтерлі 2 үй, 2 қабатты 80 пәтерлі 4 үйдің құрлысы аяқталуға жақын. Аталған үйлердің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін біту жоспарланған. Мәжіліс депутаты өңіріміздің өзге де тыныс-тіршілігімен танысып, ауданның әсіресе әлеуметтік нысандарын іске қосуға мүмкіндігінше қолдау көрсететіндігін атап өтті.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...