Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАПШАҒАЙДА 50 ПӘТЕРЛІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАПШАҒАЙДА 50 ПӘТЕРЛІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚАПШАҒАЙДА 50 ПӘТЕРЛІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

           Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі қарсаңында Қапшағайда 50 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған жалгерлік үйді қала әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы мен Слямов Асхат Слямұлы қызыл лентасын қиып, салтанатты түрде ашты. Өңір басшысы қапшағайлықтарға жүрек жарды лебізін білдіре отырып, оларға пәтер кілттерін табыстады.           «Биылғы жылы баршамыз Тәуелсіздіктің 30-жылдық төл мерекесін атап өтудеміз. Тәуелсіздіктің әрбір жылы еліміз үшін өте маңызды тарихи оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Қапшағай қаласының халқына да тәуелсіздік жылдары береке мен бірлікті, ырыс пен ынтымақты молынан ала келді.Бүгін осы Еліміз үшін қастерлі мереке қарсаңында баршаңызға асыға күткен жаңа пәтердің кілттері табысталып отыр. Осы қуанышты күні баршаңызға мол бақыт, әрдайым ашық аспан, отбасы амандығын тілей отыра, жаңа баспана – жаңа қуаныш пен шаттық әкелсін дегім келеді! Қоныс құтты, шаңырақтарыңыз биік, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, ағайын!»-деді ол.                  Сондай-ақ, ашылу салтанатына Қапшағай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аймақтың Құрметті азаматы Беспаев Амангелді Дәнібекұлы да қатысып, жаңа үй иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, ақ батасын берді.
            Ивушка шағын ауданы, Степная көшесінде орналасқан 5 көп қабатты тұрғын үйдің жалпы құны 503,214 млн. теңге. Мердігер компания – «Бағалы Алакөл» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі. Мұндағы бір бөлмелі 10 пәтер 36 шаршы метр болса, екі бөлмелі 25 пәтер 54 шаршы метр, үш бөлмелі 15 пәтер 68 шаршы метрді құрайды. Жалпы тұрғын үй аумағы 3634,37 шаршы метрді алады. Өткен жылы шілде айында құрлысы басталған су жаңа үйге 15 адам жұмысқа тартылып, міне қазіргі кезде қолданысқа беріліп, үй кезегіндегі 10 адам көптен күткен қуанышты күндерін атап өтуде.
Қапшағай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...