Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУДАН ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

          23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Осы кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімі Бақыт Асанов белсенді еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілерді арнайы құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
         «Құрметті әріптестер, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Сіздің беделіңіз – мемлекет беделінің бір бөлігі екенін ешқашан естен шығармаңыз. Мемлекеттік қызметкердің басты қағидасы – халыққа қызмет ету. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Мемлекеттік органға шағымданған, жүгінген кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш сергелдеңсіз, дер кезінде және сапалы түрде алуы тиіс. Сондықтан да, бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Абыройлы болыңыздар!» — деді Бақыт Насырханұлы.
          Жалпы Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендіріп, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды. Қазақстанда бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің ішінде алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі түрлі шаралар іске асырылды.
         2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бұл күнді «Мемлекеттік қызметшілер күні» деп жариялады. Осы бастаманы қолдаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  23 маусымды «Мемлекеттік қызметшілер күні»  деп бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. 2011 жылы 21 шілде күні Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі жаңа моделінің Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл Тұжырымдама мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттарын айқындап, оны рәсімдеуге және әрі қарай дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болады.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...