Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТУҒАН АУЫЛДАРЫНА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІН ОРНАТТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТУҒАН АУЫЛДАРЫНА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІН ОРНАТТЫ

20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТУҒАН АУЫЛДАРЫНА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІН ОРНАТТЫ

        Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекеніндегі Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің 2000 жылы оқу бітірген түлектері 20 жылдық мерейтойы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап қазақтың бас ақынының ескерткішін орнатты.
        Бұдан бөлек, 20 жылдық түлектер туып-өскен ауылдарына заманауи аялдаманың құрылысын жүргізіп, сыйға тартқан. Әрине, Ж.Қалшораев ауылының жастарының ауызбіршілігі мен ұйымшылдығы көз қуантады. Тіпті, әр жылы түлеп ұшқан түлектер мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жасап, стадион мен автотұрақты да салып берген.
         Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен Достық ауылдық округінің әкімі Талғат Абибуллаев қатысып,  туған жеріне жанашырлық пен белсенділік танытып жүрген түлектерге үлгі боларлық істері үшін алғыстарын айтып, марапаттады. Жергілікті ауыл ақсақалдары мен ауыл билері туған жерді түлетуге атсалысып жүрген жастарға шексіз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
         Мерекелік іс-шара барысында мектептің биылғы алтын белгіге бітірген үздік оқушылары Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің шығармашылықтарын паш етті.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...