Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВОНДОШЫ ЖОҒАР БЕЛЕСТЕН КӨРІНДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВОНДОШЫ ЖОҒАР БЕЛЕСТЕН КӨРІНДІ

МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВОНДОШЫ ЖОҒАР БЕЛЕСТЕН КӨРІНДІ

       Ливанның астанасы Бейрутта таеквондодан өткен Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғаған 3 спортшымыз жоғары белестен көрінді. Соның бірі — Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің тумасы Самат Темірхан 54 кг салмақта қола жүлдегер атанды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті бұл жаңалықты үлкен қуанышпен хабарлады.
        Темірхан Самат Темірханұлы 2000 жылы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде туылған. 2006 жылы №16 «Мырзакент» жалпы орта мектебінде оқып, аудандағы таеквандо ұйымдарына қатысып, спортқа деген қызығушылығының арқасында ауданаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.
        2013 жылы Шымкент қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебіне оқуға түсті. Өз ұмтылысы мен еңбектенуінің арқасында Қазақстан Республикасының жастар арасындағы жарыстарда жүлделі орындарды иемденген.
       2014 жылы Қазақстан Республикасының Таеквандо құрамасына кіріп, Араб әмірлігінде өткен жарыста екінші орынды, 2015 жылы Молдавияда бірінші орынды, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасында өткен чемпионаттың бірінші орын жүлдегері, Қазақстан кубогын алып, сол жылы ҚР спорт шебері дәрежесіне қол жеткізді.
         Самат Темірханұлы намыс-жігерінің және бала кезден жинаған тәжірибесінің арқасында 2019 жылы Туркия, Германия, Иран мемлекетаралық жарыстарында жүлделі орындарға ие болды. Одан бөлек, Қазақстан чемпионатының Спартакиядасында бірінші орын жүлдегері атанды.  
           Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...