Home » Ауыл шаруашылығы » 4000 ТОННА ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРДЫ

4000 ТОННА ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРДЫ

        Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына пресс-турмен келіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін бірнеше нысандарды аралаған болатын.         Тілшілер қауымы Мақтаарал ауылдық округі, Есентаев ауылында орналасқан «Физули» шаруа қожалығында да болды. Алиев Физуидің басшылығындағы қожалық 30 гектар жерге иелік етеді. Оның 15 гектарына қауынның «бакинка» сортын пленкалы тамшылатып суғару әдісімен еккен. Жер емген шаруа өнімдерін жинап алғаннан кейін соңынан маш және мал азықтық дақылдарды екпекші. Осылайша облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 1 жерден жылына 2-3 өнім алу жобасын жүзеге асыруда.
         Биылғы жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жалпы аудан аумағында 190 бірлік шаруа қожалығы бір жыл ішінде бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясын пайдаланып 580 гектар алқапқа түрлі ерте пісетін көкөніс дақылдарын екті. Қазіргі таңда бірінші өнімдер жиналып, екінші өнімге бақша, маш және мал азықты дақылдарын егу жұмыстары жаппай жүргізілуде.
         Жалпы ағымдағы жылы ауданда 61 мың гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қазіргі таңда 20048 тонна көкөніс, 6061 тонна мал азықтық дақылдары өндірілді. Сонымен қатар, 16416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, қазіргі таңда диқандар 4000 тонна қауын-қарбызды Ресей мен Еуропаның бірнеше елдеріне экспорттаған.
         Түркістан облысының БАҚ өкілдері аялдаған соңғы нысан – Мақтаарал ауданының кіреберісінде орналасқан ауданның логистикалық орталығы. Қазіргі таңда логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Сондай-ақ, көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...