Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ

        Мақтаарал ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі — елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту мәселесі болып келген еді. Аудан орталығынан 40-50 шақырымдай алыста орналасқан елді мекендерден келу үшін тұрғындар жеңіл автокөлікке жан басына 250 теңгеден бастап 500 теңгеге дейін ақша төлейді.  
         Жолаушылар көлігі саласын дамыту мақсатында аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлының тікелей бастамасымен аудан тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тұрақты ауданшілік бағыттағы Мырзакент-Атакент-Мырзакент маршруты бойынша қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады. Қосымша  айтар болсақ, аталған ауданішілік бағыттағы жолаушыларды автомобиль көлігімен  тасымалдауға  бір шақырымына 6 (алты) теңгеден қатынауда.
           Келесі кезекте Атакент-Көкпарсай-Атакент бағытын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Мырзакент-Шұғыла-Мырзакент», «Мырзакент-Бескетік-Мырзакент», «Мырзакент-Ж.Қалшораев-Мырзакент», «Мырзакент-Дихан-Мырзакент», «Атакент-Н.Есентаев-Атакент», «Атакент-Береке-Атакент», Мырзакент кентішілік, Атакент кентішілік бағыттары кезең-кезеңімен  жоспарға сәйкес іске қосылатын болады.
      Бұл қуанышты хабар туралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов мәлімдеді.  
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...