Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МОБИЛЬДІ ТОП ЖИЫНЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МОБИЛЬДІ ТОП ЖИЫНЫ ӨТТІ

МОБИЛЬДІ ТОП ЖИЫНЫ ӨТТІ

           Ауданда коронавирустық инфекция ауруының таралуының алдын алу бойынша мобильді топ отырысы өтіп, жиынға аудандағы кәсіпкерлік нысан иелері, атап айтқанда ірі тойхана, ресторан, кафе иелері шақырылып, аталған кәсіпкерлердің «Ashyq»жобасын қолдануы бойынша түсіндірме жұмыстары мен мерзімдері сұралды.
          Түркістан облысы Кәсіпкелер палатасының Мақтаарал аудандық филиалының директоры Н.Әбдіразақова кәсіпкерлерден жаңа «Ashyq» жобасының басты артықшылығы-адамдардың қауіпсіздігі екенін атап өтіп жедел мерзімде кәсіпкерлерден қоғамдық тамақтану орындарын аталған жоба аясында тіркелуге шақырды.
          Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова кәсіпкерлерге жоғарыда аталған жоба аясында жұмыс жасау бүгінгі күннің басты талабы екенін, «Ashyq» жобасына енбеген, адамның көп шоғырлануына жол беретін  заңсыз ірі тойлар мен отбасылық мерекелік шараларды өткізген тойхана, ресторан, кафе немесе үй жайлардағы  отырыс жиындарды құрамында полиция инспекторы бар жергілікті мобидьді топ басшылары анықтап, тиісті хаттама түзіп, заң шеңберінде айыппұл салынуына әкеп соғатынын ескерте кетті. Және де аудандық орталық аурухананың коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтардың ем-дом қабылдауы өз деңгейінде болуы мен ауруханалардағы инфекциялық бөлімдердегі төсек орындардың жеткілікті болуын атап өтті.
          Алдағы аптада коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтармен үй ошағындағы қарым-қатынаста болған азаматтардың 14 күндік карантиндік режимді сақтап үй жайында болуын қадағалау мақсатында аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен құрамында ерікті жастары бар азаматтар аудандық мобильді топтармен бірге анықтау шараларын жүргізетін болады.
          Бүгінгі таңда мобильді топтар аудан көлемінде 4000-ға жуық нысанды аралап коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойханалар, ресторан мен кафелерде, сонымен қатар үй жайларда адам шоғырланатын тыйым салынған мерекелік кештер мен тойларды анықтап, 189 хаттама толтырып, 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...