Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

       18 мамыр — Халықаралық мұражай күніне байланысты Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентіне арнайы барып, Мақта шаруашылығы тарихы музейінің ұжымын құттықтады.
         «Мұражай — мәдени, тарихи және көркем мұраны сақтайтын, ел азаматтарын өткенін білуге үгіттейтін, жастарды патриотизмге тәрбиелейтін құнды орын болып саналады. Осы мереке қарсаңында Мақтаарал ауданының құрылуына тікелей негіз болған ақ алтынымыз мақта шаруашылығының өткенін, тарихын ел азаматтары мен жастарға түсіндіріп жүрген еңбектеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!» — деді Бақыт Насырханұлы.
          Ұжымды шын жүрекпен құттықтаған аудан басшысы мұражайдың ішін аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Мұражай экспозициясының алғашқы залында 1913-1945 жылдар аралығы суреттеледі. Мұнда Мырзашөлдің панорамасымен басталып, суландыру жұмыстары, алғашқы мақта егу құралдары мен техникалары, «Мақтаарал» совхозының алғашқы директоры, Социалистік Еңбек Ері А.Орловтың жұмыс кабинеті, соғысқа дейінгі мақта сорттары, 1910 жылғы «Максим» пулеметі, 1917 жылғы мылтықтар мен тұрмыстық заттар орын алған. Музейдің кейінгі экспозициясы 1946 жылдан басталып, қазіргі уақыт аралығын қамтыған. Мақтаны өлшеу құралдары, мақтадан алынатын өнімдер, ауданда ерен еңбек еткен адамдардың өмірі  туралы кеңінен мәліметтер берілген.
       Мұражайды – Н.Хрущев, Қазақстанның ОК I-хатшысы Д.Қонаев, қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқов, сондай-ақ АҚШ-тың, Бразилияның, Моңғолияның, Қытайдың, Кубаның, Венгрияның, т.б. дүниежүзі елдерінің делегациялары тамашалаған. Келген қонақтардың қолтаңбалары қалдырылған кітапты экспозиция залынан көруге болады.
           Мақта шаруашылығы тарихы мұражайы 1944 жылы құрылған. Ал, ғимараты 1930 жылы салынған. 1944 жылы «Пахтаарал» (қазіргі Мақтарал ауданы) совхозының құрылғанының 20 жылдығына арнап ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеден кейін кеңшар қаулысы бойынша шаруашылықтың егіншілік саласындағы қол жеткізген табыстарын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатымен мұражай құру туралы шешім қабылданған.  
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...