Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
353 АДАМ ҚАБЫЛДАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » 353 АДАМ ҚАБЫЛДАНДЫ

353 АДАМ ҚАБЫЛДАНДЫ

2021 жылғы 19 мамыр
Нұр-Сұлтан қ.
          «Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. 1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан 1873 өтінім келіп түсті. Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты.
       Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентініңдепутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңөкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді.
        Нәтижесінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданды.
        «Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, ол бізге іріктеу кезеңдерінің барынша ашық өтуін тапсырған болатын. Оғанкезкелген қазақстандық қатыса алды. Жобаны іске асыру Мемлекеттік корпорацияда меритократия қағидаттарын енгізуге және «әлеуметтік лифт»тетіктерін пайдалануға көмектеседі деп сенемін. Резервке өткендердің тағайындаулары таяу уақытта бос орындар пайда болған кезде жүзеге асырылады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
        Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың құзыретін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.
          Іріктеуді әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі ескерілді. Осылайша, «Дарындылар пулы» Қазақстандағы кадрлар резервін құрубойынша төртінші ірі жобаға айналды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...