Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚСТАН - БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚАЗАҚСТАН — БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

ҚАЗАҚСТАН — БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

          Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет! Тәуелсіздіктің  тізгіні қолымызға тигеніне 30 жыл  болды. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда  қазан» деген  дана халқымыз. Елу жылда  емес отыз жылда  ел жаңарып, көші  ілгері  кеткен  елдермен тереземіз  теңесіп қалды десек артық  айтқандық емес.
           Қазақ елі талай  зұлмат кезеңдерді өткерді. Ел мен жер үшін  кескілескен шайқас,  отаршылық заман, сұрапыл соғыс ең сорақылары да сол. Бірақ,  әрдайым ғасырлар  көшінде жасап гүлденіп, тағдырдың тартысымен  арпалысып  келеді. Соның нәтижесінде қазақ елі тәуелсіздігін алды, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры халықтың бірлігінде, татулығында,  біртұтастығында.
          Қазақ халқы көптеген  ұлттарды қиын-қыстау кездері бауырына басып, өз төрінен орын бергенін тарихтан  жақсы білеміз. Түрі, тілі, салт-дәстүрі басқа деп, өзекке теппей бір ата-ананың ұл-қызындай көрді. Кеңес Одағы тұсында жер аударылған түрлі этнос өкілдерін жатсынбай, туысындай қамқорлық  танытуы, бауырмалдылығы шынында  құрметке лайықты қасиет.
          Қазақстанда татулығы жарасқан 130-дан астам этнос өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығыда Қазақстанмен байланысқан. Әлем елдері  қызғанада, қызыға да  қарайтын мемлекетіміз көк аспандағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір  жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары,  данагөй қарттары бар.
           Мен тәжік ұлтының  қызы татулығы жарасқан Қазақстанда туылып, білім алып, еңбек етіп жатқаныма  қуанамын. Еліміздегі бірлікті  мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Жыл сайын дүркіретіп атап өтетін 1- мамыр ұлттар достығы мерекесі айқын  мысал емес пе?
            1-мамыр бұл әрқашан халқымыздың бірлілігін паш ететін, қоғамдық келісім  кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын күн. Қазақстан халқының  бірлігі мерекесі – Отанымызға  деген  сүйіспеншіліктің, қазақстандық  патриотизмнің  жарқын көрінісі. Бұл күні Отанға адалдық, елге жанашырлық азаматтық парыз асқақтай түседі.
         Тек қана  татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген  тамаша жоспарларды іске асыратын  қуатты  мемлекет ете аламыз.   1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай  Қазақстандықтарға  шын жүректен шыққан жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Қазақстан халқы бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын.
           Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Шохиста ХИДИРОВА,
Мақтаарал ауданындағы тәжік этносының өкілі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...