Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БАҒДАТ МУСИН «ҰАТ» АҚ ҰЖЫМЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ15 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » БАҒДАТ МУСИН «ҰАТ» АҚ ҰЖЫМЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ15 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БАҒДАТ МУСИН «ҰАТ» АҚ ҰЖЫМЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ15 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

       2021 жылғы 12 сәуір. Нұр-Сұлтан қаласы
        12 сәуір күні, 15 жыл бұрын, eGov.kz өз жұмысын мемлекеттік басқару органдарының ел азаматтарымен цифрлық кеңістіктегі өзара іс-қимыл тетігі ретінде бастады. Бүгінде 12 миллионға жуық қазақстандық электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланады, ал бұл барлық халықтың шамамен 62%-ы.
           Жыл сайын электрондық үкіметтің қолжетімді қызметтерінің саны өсуде, олардың ішінде халық үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер, бизнес үшін қызметтер, төлемдер мен пайдалы сервистер, композиттік және проактивті қызметтер, сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары бар.
             Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өткен жыл Мемлекеттік басқарудың барлық процесстерін цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстың қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп, электрондық үкіметті дамытуға қосымша серпін бергенін атап өтті.
          «Бір жыл ішінде ЭЦҚ қашықтықтан шығару, автокөлікті тіркеу, білім беру мекемелеріне құжаттарды қабылдау және 30-дан астам әлеуметтік-маңызды қызметтер мүмкіндігі іске асырылды. Үлкен жұмыс атқарылды! Мен барлық қызметкерлерді мерейтоймен құттықтап, оларға және олардың отбасыларына зор денсаулық және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!», — деді ол.
           Қазір eGov.kz порталында қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 91%-ын ала алады. Сонымен қатар, қоғамның заманауи қажеттіліктері ескеріле отырып, eGov-тың десктоптық нұсқасынан басқа, қызметтерді ұсынудың қосымша тәсілдерін дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Осылайша eGov Mobile қосымшасында цифрлық құжаттар, денсаулық паспорты, зейнетақы калькуляторы және электрондық еңбек биржасы сияқты 91 қызмет пен 4 сервис қолжетімді, ал биометрияны пайдалана отырып, қосымшада бірнеше минут ішінде тіркелуге және ЭЦҚ-ны шығаруға болады. Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлері арқылы 22 қызметке тапсырыс беруге болады. 2020 жылы барлық арналар бойынша 60 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
 Қосымша ақпарат:
Анар Мағзұмова
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы
+7 7172 701665 (ішкі 3067)
+77775552085
* * * * * * * *
Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...