Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖИІ АЙТЫЛМАЙДЫ?» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » «НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖИІ АЙТЫЛМАЙДЫ?»

«НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖИІ АЙТЫЛМАЙДЫ?»

         Қазақстандық білім жүйесіндегі кадрлық мәселелер жайлы КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев NUR.KZ порталының тілшісіне пікір білдірді.
         «Кадрларды дайындау мәселесі бірінші орында тұруы керек. Яғни жоғары оқу орындарында оқытушы мамандығы беделді болуы тиіс. Сонда жастар оқытушылыққа ұмтылады, ғылымға бет бұрады». Білім саласындағы өзекті мәселерді талқылай келе, Талғат Нәрікбаев елімізде жекеменшік университеттер туралы аз айтылатынын да атап өтті.
         «Елімізде бірінші орынға әрдайым ұлттық, мемлекеттік ЖОО-ларды қояды. Бірақ олардың да өз проблемалары жетерлік, тіпті кейбірінің деңгейі жекеменшік университеттерден де төмен. Көптеген жекеменшік жоғары оқу орындары біраз уақыттан бері батыстық үлгі бойынша білім беру процесін сәтті жүзеге асырып келе жатыр.Мемлекеттік университеттерге сондай ЖОО-ларды неге үлгі ретінде көрсетпеске? Олардың шын мәнісінде мықты екені айтыла бермейді. Керісінше, қоғамға: «Қазақстанда осындай ЖОО-лар бар, Ресейге немесе басқа елге кетудің қажеті жоқ, елімізде қалыңдар» — деп, көздерін жеткізу керек»,- дейді ол. 
         Оның пікірінше, қазақстандық білім жүйесінде бірқатар проблемалар бар, әрі ҚР Білім және ғылым министрлігі оны жоққа шығармайды. Мықты профессорлық-оқытушылық құрамның болмауы да өзекті проблемалардың қатарында.
         «Жақында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбукте жазба қалдырды. Парақшасында ведомстволық бағынысты университеттердің жалақысын шұғыл түрде арттырып, ең төменгі айлық мөлшерін 200 мың теңгеге өсіру қажеттігін мәлімдеген.  Мысал ретінде еліміздің ұлттық мемлекеттік университеттерінің бірінде  орташа айлық 110 мың теңге екенін айтыпты. Бұл аталған университетте профессорлық-оқытушы құрамының сапасы нашар екенін білдіреді.  Себебі жақсы маман университетке 110 мың теңгеге жұмысқа келмейді. Қазір мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары профессорларының жалақысын 450 мың теңгеге көтеру міндетін қойып отыр. Бұл шешім сапалы кадр тартуға көмектеседі», — деп атап өтті Талғат Нәрікбаев. 
КАЗГЮУің  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – АДАЛ АЗАМАТ БЕЙНЕСІ

        ...

БРАКОНЬЕРЛІК – ЭКОЖҮЙЕМІЗГЕ ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАТЕР

       Бүгінгі ...

ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

        ...

АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН ЕКІНШІ САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІ АЙНАЛДЫРУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Компьютерде қолданылатын санау жүйелері ...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ...