Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!

ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК!

        Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бұл тұғыры биік ұғымды біз 1986 жылдың 16-желтоқсанында алған едік. Тәуелсіздікке жету жолында талай қазақтың қаракөз қыздары мен жігіттері құрбан болды. Сол жолда ерен ерлігімен қаза тапқан әпке-ағаларымызды құрметпен еске аламыз. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 16-желтоқсанды Тәуелсіздік күні деп бекіткен еді. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні — ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Міне,қазір біз ешкімге тәуелсіз,бейбіт елде өмір сүреміз. Бүгінгі күнде Отанымыз -Қазақстан күннен-күнге дамып, әлемге сан қырынан танылып келеді.
        Тәуелсіздік — ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.Биыл 16-желтоқсан тұғыры биік тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойламақ. Кішкене сәбидей қаз басып өсіп келе жатқан елімізді көріп мақтан тұтамыз. Осындай тұғыры биік елде туылғаныма, осы елде білім алып, өсіп-өніп келе жатқанымды мақтан тұтамын.
            Қазақстан – ұлан-байтақ жері бар тәуелсіз мемлекет.Өзіміздің желбіреген көк туымыз,айбынды асқақ елтаңбамыз және әуезді әнұранымыз бар.Қазақстанда 130 мыңнан аса сан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Елімізде барлық сала бойынша жаһандану заманында жаңа форматқа көшуде. Елбасымыздың бастамасымен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру көзделіп отыр.Ол үшін біршама тапсырмалар беріліп,міндеттер қойылды. Соның ішінде білім саласына аса назар аударылды.Өйткені еліміздің болашағы білімді жастар қолында. Біздің міндетіміз тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне бір үлесімізді тигізу. Сол себепті де біз жан-жақты білім алып, ұстаздан алған тәлім-тәрбиемізді одан ары шыңдай түсіп,алға қойған мақсатымызға жетуіміз қажет деп санаймын.
         Қорыта келе,  айтқым келгені осындай тұғыры биік Тәуелсіз елде өмір сүру мен үшін үлкен бақыт.Сондықтан өз елімнің тұғыры әрқашанда биік тұруына менің де ат салысқым келеді.Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтары көбейе берсін.
С.АЙНАМКУЛОВ,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...