Home » Билік » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЫРЗАКЕНТ, АТАКЕНТ КЕНТТЕРІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЫРЗАКЕНТ, АТАКЕНТ КЕНТТЕРІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

          Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында құрылған «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен қоғамдағы  тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
          Мемлекет басшысы – Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы негізінде мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.
          Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия» мәжілісінде берілген тапсырмаға сәйкес, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың мәселелерін тыңдау мен жылдам шешу мақсатында Мақтаарал ауданы әкімдігі жанынан 2020 жылдың 29 желтоқсан күні «Халықтық кеңсенің» салтанаты ашылу рәсімі өткізіліп, жұмыс істеуде.
          «Халықтық кеңсе» арқылы аудан тұрғындары кез-келген мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала отырып, жеке қабылдауға жазылып (аудан әкіміне, әкімнің орынбасарларына және Әдеп жөніндегі уәкілдің), арыз-өтініштер мен ұсыныстарын бере алады.
         Кеңседе жер, тұрғын үй қатынастары, сәулет қала құрылысы, білім, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту салалары бойынша қызметтер ұсынылады және 7 маман жұмыс атқарады. Аталған бөлімдермен 90 жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және баламалы түрде көрсетіледі. Сондай-ақ, электронды терминал арқылы кезек алу, анықтама бұрышы, қызмет көрсету, күту залдары жұмыс жасайды. Ал, халыққа қызмет көрсету залында азаматтар үшін арнайы «электронды үкіметтің» «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жасақталған.
        Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі-жұма күндері 9:00-19:00-ге дейін жұмыс жүргізеді. Түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы.
          Бұл жерде ЭЦҚ алу, «e-gov», түрлі анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру бойынша барлық қызметтің түрін «e-gov» порталы арқылы алу жолдарын үйрету бойынша консультациялық кеңестер беріледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында Атакент кенті, Көпжасаров көшесі №30 мекен-жайда орналасқан «Атакент кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан, аудан әкімі аппараты ғимаратынан ашылған Халықтық кеңсе үлгісінде мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала отырып, кент әкімінің жеке қабылдауына жазылуға, арыз-өтініштер мен ұсыныстар беру және консультациялық кеңестер алу мүмкіндігі жасалып отыр.
 Кеңсенің кол-орталығының байланыс (қабылдау) нөмірі +77003440542
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...