Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ОЛ ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ХАН ТӘҢІРІСІ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ОЛ ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ХАН ТӘҢІРІСІ БОЛДЫ

ОЛ ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ХАН ТӘҢІРІСІ БОЛДЫ

        ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын зерттеушілер ұлтымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевты «Алатаудың өлең алыбы», «Қазақ жырының Хан Тәңірісі» деп санайды. Оның өзіндік себептері де жетерлік. Сондықтан оның шығармашылығынан жақсы таныс өнерге жақын азаматтар оның туған күнің кең көлемде атап өтуде. Осы арқылы олар ұлы ақынға өз құрметтерін білдіруде.
         Біздің  кітапханамыздың ұжымы да ұлт мақтанышының туғанына 90 жыл толу құрметіне орай, «Қазақ жырының Хан Тәңірісі» атты жыр кешін өткізді.
         Поэзия әлемінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған  ұлт мақтанышының «Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деген өлең жолдары, халқымыздың мәңгілік қазынасы деп мақтанышпен айта аламыз. Сондай рухани құнды дүниені жас буынға жеткізу біздің басты міндетіміз саналады.
         Осы жыр шарасына Ж.Қалшораев ауылында орналасқан Қ.Әбделиев атындағы №54  ЖОМ-ның 8-сынып оқушылары – Зейнеп Абдусаттарова, Асылхат Әбілхан, сымбат Дәрібай, Айғаным Аңдасбек, Көркем Астанқұлдар атақты ақынның «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай», «Ақынға», «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы», «Қазақ жері», «Анашым», «Отан» атты өлеңдерін бабына келтіре жатқа айтып беріп, жұрттың ризашылығына бөленді. Осылайша өнер кеші әсерлі өтті.   
З.ИЛИМОВА,
Ж.Қалшораев ауылдық филиал № 2 кітапхананың меңгерушісі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...