Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛАШ ТҰТҚАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АЛАШ ТҰТҚАСЫ

АЛАШ ТҰТҚАСЫ

     Жуырда кітапханамызда ХХ-ғасырдың бас кезінде, жайындай  жарқ еткен, қазақ зиялыларының бірі, Алаш партиясының басшысы, қоғам қайраткері – Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орайластырылып, «Алаш тұтқасы» атты тарихи кеш өткізілді. Ол тұлға өмір сүрген 20-шы ғасырдың бас кезі түрлі қиындықтар мен бұралаң жолдарымен бірге, қазақ ұлты үшін тарихи және саяси оқиғаларға бай болуымен халқымыздың тарихында алтын әріппен жазылған уақыт болатын. 
       Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген осы тарихи кешке О.Бапышов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Гулшат Исакова апай және де кітапханамыздың бірнеше тұрақты оқырманы қатысты. Тағлымы терең тарихи кеште Гулшат Исакова апай шараға жиналғандарға Әлихан Бөкейханның  саяси өмірі мен шығармашылығы, оның өмір сүрген кезеңі туралы оқырмандарға толымды ақпараттар берді. Осы шара барысында мен де сөзге шығып, көпшілікке – Қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеген, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармаған қайталанбас тұлға Әлихан Бөкейхан жайлы құнды деректер айттым және де жиналғандарға кітапхана қызметкерлері тарапынан дайындалған «Алаш Әлиханы» атты кітап көрмесін таныстырдым.Бұл жерден кез-келген азамат халқымыздың ұлы тұлғасына қатысты құнды деректер ала алады.
      Өте тартымды, жинақы әрі терең тәрбиелік мәні бар жағдайда өткен осы кешті кітапханамыздың  тұрақты оқырманы Парида Тастанова апай қорытындылап, шараны ұйымдастырушыларға жиналғандар атынан алғыс айтты.
Д.БИЛИМБЕТОВА,
Атакент кенгі  — 2, филиал № 10  кітапханасының  меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...