Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: САЛЫҚ ЗИМАНҰЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШАРА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: САЛЫҚ ЗИМАНҰЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШАРА

ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: САЛЫҚ ЗИМАНҰЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШАРА

Қазақстандық заң ғылымының негізін қалаушылардың бірі – Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерейтойына орай өмір жолына, қызметіне, ғылыми шығармашылығына арналған https://zimanov.kazguu.kz онлайн-көрме  іске қосылды. Бұл туралы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің төрағасы Талғат Нәрікбаев «Салық Зиманұлы Зимановтың еңбектері – қазіргі дәуірдің саяси және құқықтық ойының қайнар көзі» атты халықаралық онлайн-конференция барысында айтты.
Бүгін Қазақстан халқы қазақтың билер сотының теңдесі жоқ институт екенін дәлелдеген ғалым, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында қатардағы солдаттан миномет полкінің командирі дәрежесіне дейін көтеріліп, 1948 жылы Бүкілодақтық заң институтын бітіргеннен кейінгі ғұмырын заң ғылымына және құқықтық білім беруге арнаған Салық Зиманұлының мерейтойы біз үшін маңызды шара», деп атап өтті Талғат Нәрікбаев.
Конференцияға Қазақстан Республикасының экс Премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов, Әзербайжан Республикасының ҚР-ғы Төтенше және Өкілетті елшісінің орынбасары Эйваз Самедоглы Мусаев, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Сәкен Абдолла, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Унзила Шапақ, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, з.ғ.д., профессор Қанатбек Сафинов, құқық докторы, Ыстамбұл университетінің профессоры Фехти Гедилхи, құқық докторы, Ыстамбұл КЕНТ университетінің профессоры Хазрет Чомак, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысты. Сондай-ақ шара қатысушыларының қатарында ҚР мемлекеттік органдарының басшылары, жақын және алыс шетелдердің ғылыми заң қауымдастығының өкілдері, С.З. Зимановтың оқушылары, қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалым-заңгерлері де болды.
Онлайн-жиынға қатысушылар Салық Зиманұлының тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуына сіңірген еңбегін атап өтті. КАЗГЮУ-дің ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты қазақстандық ойшылдың идеялық мұрасын және оның даму перспективаларын талқылау.
КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...