Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«DIGITAL ALMATY 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » «DIGITAL ALMATY 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

«DIGITAL ALMATY 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

5-ші ақпанда Алматыда «Digital Almaty 2021 — Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» халықаралық форумы болып өтті. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара онлайн форматта өткізілді. Форумның ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен делегациялар басшыларының: Дүниежүзілік Экономикалық форумның президенті Берге Бренденің, Google вице-президенті Винт Серфтің құттықтау сөзімен (онлайн-қосылу және бейнехабарлама арқылы) басталды.
Форум шеңберінде «Пандемия кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздікке сын–қатерлер» панельдік сессиясы ұйымдастырылды, онда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) директорының орынбасары Александр Косенков «2020 – Қазнеттегі АҚ: Цифрлар мен фактілер» тақырыбымен спикер болып сөз сөйледі. Сондай-ақ, біздің әріптесіміз форумға қатысушылар үшін бірнеше өзекті кейстерді таныстырды.
Өз сөзінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өкілі Қоғамның 2020 жылғы келесі статистикалық мәліметтерімен бөлісті.Өткен жылы ақпараттық қауіпсіздіктің 24 053 инциденті тіркелді және пысықталды, фишингтік интернет-ресурстар санының 58%-ға, қазақстандық сервистерге қатысты DDoS-шабуылдар 44% — ға өсуі байқалды.Көбінесе мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің (АКИАМО) осалдықтарын пайдалануға 1 674 әрекет жасалды.
Айта кетсек, «Digital Almaty» осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және форумның негізгі мақсаты цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді талқылау мақсатында өңірлік және жаһандық деңгейде диалог жүргізу үшін алаңдарды қамтамасыз ету болып табылады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...