Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТӨЛҚҰЖАТ ЖОҒАЛТСАҢ 18 ЖЫЛ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛАСЫҢ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » ТӨЛҚҰЖАТ ЖОҒАЛТСАҢ 18 ЖЫЛ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛАСЫҢ
Lenta.ru

ТӨЛҚҰЖАТ ЖОҒАЛТСАҢ 18 ЖЫЛ ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛАСЫҢ

Times Now News-тің хабарлауынша – Үндістанның Махараштра штатындағы Аурангабад қаласында тұратын Хасина Бегум есімді әйел,  Пәкістанда жоғалтқан төлқұжатына байланысты 18 жыл түрмеде отырған.
2003 жылы 65 жастағы Хасина Бегум күйеуінің туыстарына бару үшін Пәкістанның Лахор қаласына барады. Сол жерде ол төлқұжатын жоғалтқандықтан түрмеге жіберіледі. Әйел 18 жылын сонда өткізді. Осы уақыт ішінде ол өзінің  кінәсіздігін айтып, шағымданғанмен, босатылмаған.
Пәкістан билігі Хасина Бегумды тек  Аурангабад полициясынан әйелдің қалада үйі бар және сол жерде тіркелгендігі туралы хабарлама алғаннан кейін ғана босатқан. Полицияның хабарлауынша, ол Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Сахаранпур қаласының тұратын Дильшад Ахмедпен шаңырақ құрған.
Әйел Пәкістан түрмесінен босатылып, Үндістан билігіне тапсырылғанда ол: «Мен көптеген сынақтарды бастан өткердім, енді еліме оралғаннан кейін өзімді тыныш сезінемін. Мен өзімді көкте жүргендей сезінемін. Мені Пәкістан түрмесінде күшпен ұстады», — деп мәлімдеме жасаған.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...