Home » Билік » ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӨРТ КЕЗЕҢМЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӨРТ КЕЗЕҢМЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

«Алдағы жыл елімізде Жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңінің басы болады»,-деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары); «ҚР сайлау туралы  ҚР Конституциялық Заңын ажәне «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы», «ҚР банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңына сәйкес табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.
Екінші кезеңде (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек халқы кіреді. Жеке тұлғалар жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірудің бірінші жылында активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынуға міндетті. Кейінгі жылдары кірістерімен мүлкі туралы Декларация (270.00-нысан) ұсынылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) жинақталған активтер мен міндеттемелерді Декларациялау жүйесіне кіру күніне тіркеу үшін ұсынылады. Бұл ретте ҚР уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.
Құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік көрсетілуге жатады. Мүліктің осытізбесіне: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» суларында жүзу кемелері; көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер жатады; барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ҚР тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша.
Сонымен бірге, ҚР және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік туралы: тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес; ҚР шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері сияқты деректерді көрсету қажет.
Сондай-ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомадағы қолма-қол ақша көрсетіледі; ҚР банктер және банк қызметі жөніндегі ҚР заңдарына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешектерді қоспағанда, міндеттеме немесе талап туындауына негіз болатын, нотариалды куәландырылған келісімшарт немесе басқа құжат болған кезде жеке тұлғалардың біреулер алдындағы қарыздары (кредиторлық берешек) және (немесе) басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы қарыздары (дебиторлық берешек) көрсетіледі.
Бұдан басқа, қымбат тұратын мүлік, мысалы, бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатынең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын өнер туындылары және сол сияқтылар болған жағдайда, жеке тұлға қалауы бойынша осы мүлікті бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде декларацияда көрсетуге құқылы.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсырумерзімі – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей немесе электрондық түрде – 2021 жылғы 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.
Активтер мен міндеттемелертуралыдекларациянысалық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat mobile және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылыжүзеге асырылады. 1414 бірыңғай республикалық нөмір платформасында жалпыға бірдей декларациялауды түсіндіру үшін байланыс орталығы іске қосылды.
Толығырақ ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтының (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.
А.Ш.КАЗИМОВ, 
Мақтаарал ауданы бойынша МКБ-сы
жетекші маманы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...