Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТРАМПҚА ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » ТРАМПҚА ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ
ВВС-дің Орыс қызметі

ТРАМПҚА ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ

ВВС-дің Орыс қызметі – Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің  АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трампқа қатысты импичмент жариялау туралы құжатқа қол қойғанын хабарлады.
Бұл құжат енді мақұлдауға Сенатқа жіберіледі. Ал Сенат өз кезегінде  оны Джо Байденнің ресми түрде АҚШ президентіне тағайындалу рәсімінен кейін талқылайтынын мәлімдеді. Яғни, Дональд Трамптың сол рәсімге АҚШ-тың әрекеттегі президенті ретінде қатысу мүмкіндігі бар деген сөз.
Осылайша Дональд Трамп АҚШ тарихында екі рет импичмент жарияланған (алғашқысы 2020 жылдың бас кезінде Сенатпен кері қайтарылған) президент ретінде қалатын болды. Өкілдер палатасында 2 сағаттай уақыт талқыланған осы қарарды 232 конгрессмен қолдаса, олардың 197 әріптесі қарсы болды. Осылайша қарар ресми түрде қабылданды деп есептелді.
«Бүлік шығаруға шақыру»- деп аталатын бір ғана тармағы бар қарарды қабылдар кезде Конгресс ғимаратын қорғауға жергілікті полициядан бөлек 15 мың сарбаз жұмылдырылыпты. Тіпті Конгресстің дәліздерінде де жүздеген сарбаз орналастырылыпты. Бұл, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы әскери контингентінен де көп деген сөз.
Атап кетерлігі, сақтық шаралары ретінде АҚШ-тың Біріккен штабтар басшылығы бұның алдыңда ғана  әскерлер арасында арнайы мәлімдеме таратып, оларды әскери антқа адалдық танытып, түрлі заңсыз әрекеттерге барудан сақтандырды. Оған 6 қаңтар күні Капитолийге басып кіргендердің арасында бұрыңғы және қазіргі әскери қызметкерлер болды деген ақпараттар себеп болды делінеді.
Сәкен САБЫРОВ, Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...