Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫНАН КЕЙІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫНАН КЕЙІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫНАН КЕЙІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін, KAZGUU  мемлекеттік тілді қолдау мақсатында тегін ауызекі сөйлеу клубын ашты.
«Мемлекеттік тілді білуҚазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», деген болатын Президент 2021 жылдың 6 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында.
«Біз 2020 жылдың соңында ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба бастаған болатынбыз. Соның негізінде идеясы өзгеше «Кел, қазақша сөйлесейік!»  клубы құрылып отыр. Мұнда сабақ ұлттық менталитет, тарих пен фольклордың ерекшеліктерін, қазақ халқының құндылықтары мен басымдықтарын ескере отырып, арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Ауызекі сөйлеу клубының мүшелері әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен қоғамның өзекті тақырыптарын талқылайды», — деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева.
Университет баспасөз қызметінің хабарлауынша, сабақ аптасына екі рет ZOOM платформасында және офлайн форматта өтеді. Алғашқы сабақ 21 қаңтар күні сағат 17:00-де басталады. Қызығушылық танытқан кез келген адам http://bit.ly/qazsoile сілтемесі арқылы өтіп, қазірден бастап жобаға тіркеле алады.
Елордалық университеттің сайтында клуб жұмысына қазақ тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетін кез келген адам қатыса алатыны жазылған. Клуб мүшелерінің жас ерекшелігі, қазақ тілін білу деңгейі маңызды емес. Тегін курсты білікті мамандар жүргізеді.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...