Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ
СтудЛайф.кз

ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ

      «Офицер жай мемлекеттік қызметші емес, ол көптеген адамдардың тағдырын сеніп тапсырылған мемлекеттік адам»
ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
        Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жоғары білікті мамандар дайындау үшін бүгінгі таңда мынадай оқу орындары бар.
  • Құрлық әскерлері әскери институты; (Алматы қ.)
  • Әуе қорғаныс күштер институты; (Ақтөбе қ.)
  • Радиоэлектрондық және байланыс әскери инженерлік институты;(Алматы қ.)
  • Ш.Уалиханов атындағы ҚР, ҚК Кадет корпусы; (Көкшетау қ.)
       Бұл оқу орындарында оқу мерзімі 4-5 жыл. Жоғарғы әскери оқу орнын бітіргендерге тиісті мамандығына қоса офицер атағы беріледі.
      Әскери оқу орнына түсуге ниет білдіруші 17-21 жастағы орта білімі бар азаматтар,   аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығына өтініш  жазады. Онда аты, жөні, тегі, туылған жылы, мекен жайы және оның түсуге ниет білдірген оқу орнының атауы көрсетіледі. Әскери оқу орнына түсушілердің құжаттарын қабылдау комиссиясында қаралып шешім шығарылады.
       Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі талапкерлердің құжаттарын тексереді және үміткерлердің әскери оқу орнына түсуге жарамдылығын анықтау үшін медициналық дәрігерлік комиссияға жіберіледі.
       Құжаттарын өткізген талапкерлер   облыстық дәрігерлік сараптау  комиссиясынан өтеді. Одан әскери қызметке жарамды деп табылса шілде айында Республикалық сараптау комиссиясына шақырылады. Азаматтардың білімін тексеру, яғни жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары сараптау комиссиясынан кейін болады.
        Офицер болу жоғары біліктілікті, ізденгіштікті, сабырлықты, қандай іске болмасын төзімділікті талап етеді. Сонымен қатар денінің саулығы, мен спортшы болуы да назардан тыс қалмайды.
        Қорытындылай айтқанда барлық сынаққа төзе біліп, қабылдау емтихандарынан өткен талапкерлер ғана әскери оқу орнына түсе алады.
        Ендеше, әскери қызметкер боламын деген талапкерлер Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын, бейбіт өмірін қорғаймын деген жастар бағын сынауына болады.
Түркістан облыстық ҚІЖД баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...