Home » Қоғам » ШИФРЛАУШЫ-ВИРУСТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

ШИФРЛАУШЫ-ВИРУСТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Мемлекеттік техникалық қызмет ағымдағы жылдың IV тоқсанында KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен республиканың мемлекеттік және жеке секторларында зиянды бағдарламалық қамтылым (ЗБҚ) санының артқаны тіркелгенін хабарлайды. Негізінен, ЗБҚ пошталық жіберілім арқылы таратылады, ал құрбанның компьютерін зақымдағаннан кейін ол өзін көшіреді немесе өзгертеді.
KZ-CERT қызметінің мамандары осындай АҚ инциденттері корпоративтік ресурстардың жұмысымен тікелей байланысты компаниялардың барлық ағымдағы бизнес-процестерінің толық тоқтауына алып келетінін ескертеді. Кейбір жағдайларда компанияның операциялық және қаржылық қызметіне қатысты құпия коммерциялық және қаржылық ақпарат желісінен таралып кетуі мүмкін. Бұл жағдай компанияның ақпараттық жүйелерінде сақталатын деректердің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін ұйымның ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне немқұрайлы қарауынан туындады.
Осылайша, АҚ оқиғаларының бірін егжей-тегжейлі талдау барысында KZ-CERT қызметінің мамандары компаниялардың бірқатар жұмыскерлерінің жұмыс станциялары VoidCrypt шифрлау-вирусымен шифрланғанын анықтай алды. Талдау зиянды БҚ ішкі желіге жұмыскерлердің электронды мекенжайларының біріне жіберілген зиянды қосымшасы бар жүктелген хат арқылы енуі мүмкін деп болжайды. Содан кейін шифрлаушы – вирус жұмыскерлердің серверлері мен жұмыс станцияларындағы маңызды деректерді шифрлады, ал жүйеде анықталған әкімші құқықтары бар есептік жазба зиянкестерге әртүрлі манипуляциялар жасауға мүмкіндік берді.
Зиянкестердің бірқатар мақсатты шабуылдары жақын және алыс шетелдердің IP-мекенжайларынан Интернеттің Қазақстандық сегментіне жүзеге асырылды. KZ-CERT қызметінің мамандары халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шабуыл көздерін көрсете отырып және өз тарапында ауытқушылықтардың бар-жоғын тексеруді жүзеге асыру өтінішімен шетелдік CERT мекенжайларына хабарламалар жіберді.
COVID-19-мен байланысты карантин кезеңінде компания жұмыскерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл кезең ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан ең осал болып табылады. Осыған байланысты KZ-CERT қызметінің сарапшылары ұйымдарға корпоративтік желілерде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне ерекше назар аударуды ұсынады.
  1. Егер сіз белгісіз адресаттан хат алсаңыз және онда күдікті интернет-ресурстарға тіркеме немесе сілтеме болса, онда мұндай хаттарды елемеу керек;
  2. Белгісіз жіберушілердің күдікті хаттарында кірістірілген файлдарды ашпауға кеңес береміз;
  3. Қажетті бағдарламалық қамтылымды тек ресми интернет-ресурстардан жүктеңіздер. Ресми емес веб-парақшалар сияқты басқа сілтеме көздерін зиянды БҚ тарату үшін пайдалануы мүмкін;
  4. ДК лицензияланған бағдарламаларды іске қосқан кезде зиянды БҚ жүйені зақымдауға әкелетін үшінші тарап құралдарын пайдалануға, сондай-ақсізді БҚ әзірлеушісі шығарған тұрақты жаңартулардан айыруға әкелуі мүмкін;
  5. Сенімді вирусқа қарсы немесе тыңшылыққа қарсы бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге операциялық жүйені үнемі тексеріп отыру өте маңызды;
  6. 6. Егер сіздің компьютеріңіз әлдеқашан зақымдалған деп ойласаңыз, зиянды БҚ автоматты түрде жою үшін вирусқа қарсы сканердің немесе вирусқа қарсы БҚ көмегімен сканерлеуді іске қосуды ұсынамыз.
Егер сіз АҚ инцидентіне тап болсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе http://www.cert.gov.kz/notify-incidentсілтемесі бойынша өтініш жіберуді немесе  incident@kz-cert.kzemail-на хат жолдауды сұраймыз.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел: +7-717-255-99-97 ( ішкі 351)
+7-702-176-36-66 (моб)
E-mail: press@sts.kz     

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...