Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
Б.АСАНОВ "ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" МЕДАЛЬІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » Б.АСАНОВ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛЬІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Мақтаарал Пресс

Б.АСАНОВ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛЬІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістандағы «Конгресс холл» сарайында «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік» атты іс-шарасында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталғанын жариялап,  аталған медальді оның кеудесіне тақты-деп хабарлайды Мақтаарал ауданының әкімдігі.
Б.Асанов жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының экономикалық жағдайын жақсартуға ерекше еңбек сіңіруде.  Бүгінде аудан орталығы Мырзакент кентінде ескірген нысандардың барлығы жаңарып, көшелерінің барлығы дерлік асфальттенді. Ағаштар егіліп, жарқырата жарықшамдар орнатылды. Субұрқақтар атқылап, гүлдер жайқалды.
Оның ұйымдастырушылық қабілеті әсіресе ағымдағы жылдың мамыр айында орын алған техногендік апат кезінде байқалды. Сол кезде ол жедел шаралар қабылдап, топан су түбіне келген Жеңіс ауылын 2 сағаттың ішінде эвакуациялатып үлгерген. Одан бөлек, апаттың зардаптарын жою бойынша көптеген жұмыстардың ұйытқысы болып, әрбір ауыртпалықты мойнымен көтере білді. Сонымен қатар, оның жіті қадағалауымен  Мырзакентте бой көтерген жаңа шағын аудан мен Өргебас және Фирдаусидегі салынып жатқан 1000-ға жуық үйдің әрбірінің сапалы салынуын қадағалау қиыннан қиыстырумен бірдей еді. Бірақ, Бақыт Асанов мұның үдесінен шықты. Бүгінде үйсіз қалған тұрғындардың барлығы да үйлі, көңілдері күйлі болып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Ең бастысы, бірде-бір адам шығыны болған жоқ» деп, жергілікті биліктің жұмысына оң баға берген болатын. Енді міне аудан басшысы сонда қайғылы жағдайға орын бермегені үшін мемлекеттік марапатқа ие болып отыр.
Серік ДОСЫМОВ, Мырзакент.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...