Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖҰМАГЕЛДІ ЕЛУБАЕВ: ЗАҢГЕРЛЕРДІ 5-6 УНИВЕРСИТЕТ ҚАНА ДАЯРЛАУЫ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЖҰМАГЕЛДІ ЕЛУБАЕВ: ЗАҢГЕРЛЕРДІ 5-6 УНИВЕРСИТЕТ ҚАНА ДАЯРЛАУЫ КЕРЕК

ЖҰМАГЕЛДІ ЕЛУБАЕВ: ЗАҢГЕРЛЕРДІ 5-6 УНИВЕРСИТЕТ ҚАНА ДАЯРЛАУЫ КЕРЕК

 «18 миллион халқы бар ел үшін заңгерлерді неге 70-тен астам жоғары оқу орны даярлайды? Сапалы маман даярлауға 5-6 жоғары оқу орны жеткілікті, тіпті одан да аз университет қажет екеніне сенімдімін, солардың бірі — KAZGUU. 2018 жылғы 5 шілдеде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Егер сол кезде Қазақстанда адвокаттардың саны бар болғаны 4,5 мың адамды құраса, заң фирмалары, жеке практикамен айналысатын және корпоративтік заңгерлер саны 10 мыңды құрады. Сондықтан заңгер мамандығы нарықта реттеуді қажет етеді», — дейді «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттары палатасының Төрағасы Жұмагелді Елубаев «Заң білімі және ғылым: заманауи мәселелер және жетілдіру перспективалары» атты халықаралық конференцияда. Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғалы 30 жылы ішінде 400 мың заңгер диплом алған, ал жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық заңгер даярланады.
Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының жетекшісі Жаннетта Калишеваның айтуынша, ЖОО түлегі жұмыс берушінің талабына сай болуы керек. Жұмыс беруші, кәсіби қоғамдастық және университет арасындағы ынтымақтастық оң нәтиже береді, заңгер мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар әдістемесін пысықтайды.
 «Заңгерлер кәсіби қауымдастықтар мен сертификатталуы тиіс, ал жоғары оқу орындары палаталардан аккредитациядан өтуі керек. Заң білімінің стандарттарын кәсіби қоғамдастықтар әзірлеуі қажет. Сондай-ақ біліктіліктің бірыңғай талаптары деген (білімге, біліктілікке, дағдыларға, құзыреттерге) болады, алайда «Заңгер» мамандығы бойынша бірыңғай талап жоқ»,- деп мәлімдеді ол конференцияда.
Аталған шараға ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, отандық көрнекті заңгер-ғалымдар М.Ш. Қоғамов, С.Ф. Ударцев, К.В. Ким, С.П. Морозов, Г.А. Алиханова, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия және Украинаның бірқатар жоғары оқу орындары мен кәсіби қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
М.С. Нәрікбаев атындағы
КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі
8707-75-75-02.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...