Home » Әлемде » МӘСКЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

МӘСКЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Утешова Жарқын Қоңырбаевна, шет елде тұрып жатқан 32 жыл өмірін қазақ халқы мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін сақтау жолына жұмсауда. Ол бүгінде халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Ұлттық «Ана тілі» газетінің Ресейдегі штаттан тыс кореспонденті, Мәскеу қаласындағы Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттерін сақтау мен қолдауға арналған «Астана» қорының президенті.
Ол – 1956 жылы, 17 қаңтарда, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,  Ақтоғай колхозын дүниеге келген. 1973 жылы мектепті, ал 1974-1980 жылы Алматыдағы Абай атындағы Педагогикалық институтының, «Жаратылыстану» (ЕГФ) факультетін «Химия-биология» мамандығы бойынша бітіреді. 1980-1988 жылдары Ақтау қаласындағы  № 11 мектепте мұғалім және директордың орынбасары болды.
 2005-2007 жылы Мәскеу қазақ балаларын қазақ тілінен оқыту үшін, Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата атындағы университеттің, филиология факультетін сырттай оқып аяқтады.
 -1988 жылдан, Мәскеу қаласында сол күннен Мәскеу қазақ диаспорасында қоғамдық,  волонтерлік жұмыспен айналысып, қазақ диаспорасы балаларын ана тілінен оқытып келеді.
– 2000-2008 жылдары, Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамында Төрағаның орынбасары болды. ҚР-ның Ресейдегі Елшілігімен бірге қазақ халқының мәдениетін, ана тілін шет елде ұлықтау жұмыстарына қатысуда.
– 2004-2014 жылдары үзбей, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР-да «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша Қазақстанда өтетін «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім –ана тілім» атты Халықаралық олимпиадаға диаспора балаларын оқытып, өз қаражатымен қатысты. Нәтижесі: 6 оқушы Қазақстанға оралып, қызмет етуде.
-2005-2010 жылдары Ресей Сыртқы Істер Министрлігінің Нахабинодағы гольф-клубына  Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыйлаған киіз үйді қаморлыққа алып, «Наурыз» мерекесі, «Елшілер күні», «Қариялар күні», «Денсаулық күні» атты кештер өткізіп отырды.
– 2003- 2010 жылдарда Ақтөбе, Түркістан, Тараз, Шымкент, өлкесіндегі тарихи жерлерге,  Мәскеудегі  қазақ қариялары мен қазақ балаларын саяхатқа апарды.
– 2005 ж.Мәскеудегі  қазақ диаспора өміріне арналған, «Жүрегімнің жүгі көп»,   2006 жылы «Мәскеу Қазақ тілі қоғамына -15 жыл»  атты кітаптары жазылып шықты.
– 2007 жылы «Сағынышым жырыма қанат берген» атты кітабы жарық көрді.
-2008 жылдан Мәскеу қаласында Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттерін сақтау және қолдау мақсатында «Астана» қорын құрды.
– 2010 жылы, Екі ел арасындағы достық көпір атты  тақырыппен «Мәскеу: Өмір өзен» атты кітабының Алматыда, Жазушылар үйінде  тұсаукесері  өтті.
– 2012 жылы Белоруссия мемлекетінде өткен «Әлем ұлттарының фольклоры» атты фестивальда Гран-приді жеңіп алған, қазақ жастарының жетекшісі болды. Нәтижесінде жеңімпаз Қазақстандағы жоғарғы оқу орынына грантқа қабылданды.
-2014 жылдан ҚР –ның Ресейдегі Елшілігінің Ресей бойынша қазақ тілінен ұйымдастырып келе жатқан олимпиадасының белсенді мүшесі.
– 2016 жылы, «Ұлт қасиеті» немесе «Мәңгілік елдің сырттағы ұрпақтары» атты кітабы жарық көрді. Осы жылы, Мәскеу Ұлттар үйінде, «Әдебиетте шекара жоқ» кешін өткізді.Кешке Мәскеудегі ұлттар диаспорасының өкілдері қатысты.
– 2017 жылы  Орынбор қаласына қазақ жастарымен «Ұлттық тіліміз және мәдениетіміз» атты кездесуге шақырылды.Осы жылы қазақтың бел ақыны Төлеген Айбергеновтың 80-жылдық тойын Мәскеудегі Ұлттар үйінде өткізді.
-2018 жылы, Мәскеу қаласында, ҚР-ның Ресейдегі Елшілігімен бірге «Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» атты кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырды.
-2020 жылдың 21-ақпанда  «Абайға-175 жыл» тойына арнап, Қазақстанның  Ресейдегі және Германиядағы Елшіліктерінің қолдауымен, Германия мемлекетінің  Берлин қаласында «Еуразия ақындары» атты әдеби-музыкалы кеш өткізді. Бұл кешке Европадағы мемлекеттерде тұратын қазақ диапорасы өкілдері қатысты. Эстафета Францияда тұратын қазақ диаспорасы өкілдеріне тапсырылды.  Жыл аяғына дейін, «Абайға-175 жыл» тойын, Америка штаттарында өткізу жоспарлануда.
Мәскеу қаласында жыл сайын өтетін «Наурыз» мерекесінде 2000 жылдан осы күнге дейін, қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырып келеді.
Назарларыңызға Ресейдің дәл жүрегінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген қандасымыздың  туындыларын ұсынып отырмыз. 
БІРЕУМІН
Біреулер ұнатпайды білемін!
Біреулерді менде ұнатпай жүремін!
Бірде жалғыз айдалада қалғандай,
Бірде жаным, жалғыздықты сүйемін!
Кейде мұңға бөленемін, күлемін!
Мінезімнің ой-шұңқырын білемін!
Өзгелерге ұқсамайтын осындай,
Тағдырым бар, сондықтан да, біреумін!
 
 ҰМЫТАМЫН МЕН БӘРІН
Бәрін-бәрін ұмытамын мен мүлде,
Жамандарды сақтамаймын есімде.
Ескі жұртқа қалдырамын барлығын,
Бүгіннен бастап, ілестірмей көшіме.
Сөздерін де, сызып тастап санамнан,
Арам шөптей жұлып тастап арамнан.
Жақындығын, бауырлығын ұмытып,
Арыламын адамдық жоқ, адамнан…
Ақ қағаздай ақ беттерден бастаймын,
Көкбеттерді көзге ілмей тастаймын.
Екі өмір жоқ қағжау етіп жүретін,
Бір-ақ өмір, оны қалай иттартысқа тастаймын!?
 
ТАҒДЫРЫМА
О, тағдырым, мені тастап кетпе сен,
Қамышыла қайратымды, кеспе сен!
Сенімімді жоғалытпаймын өзіңе,
О, тағдырым, мені тастап, кетпе сен!
Өрт ішінен өткел табам, сен барда,
Сезімімді жоғалытпаймын, таң қалма.
Тау қопарған тасқындардың толқынын,
Кеме етіп, жүзіп өтем, тек қолда!
О, тағдырым, өкпем менің жоқ саған,
Қиындықпен, қызығыма мақтанам.
Өзгелерге ұқсамайтын ерекше,
Сыйың үшін, басымды ием тек саған!
О, тағдырым, тастап кетпе сен мені,
Жоспарым көп, күткен алда, іргелі.
Жалқаулықпен, бекер өткен күніме,
Жазалама, тастап кетпе сен мені!
О, тағдырым, бәрі өзіңе белгілі,
Салды сынға, бұл өмірдің әр күні.
Өмір менен денсаулық бер, тілегім,
Тірлігімнің  осы жалғыз сүресі!
ӨЛЕҢДІ ЖАЗ ЖАНЫМДЫ ЖҰБАТАТЫН!
Өлеңді  жаз, көзіме келгенде жас,
Сөздің дәмін келтіріп, тәбетті аш.
Алпыс екі тамырды бойласын ол,
Көңілге наз орнатсын, өмірге жаз.

Сезімдерді тербетсін, әнге бөлеп,
Көңілдерден ұшырсын, ақ көбелек.
Қуат алып әр сөзден, әрбір жүрек,
Мына өмірде қалдырсын ізін бөлек.

Өлеңді жаз, ақтарып, бар сырыңды.
Сезімсізді оятшы, қозғап мұңды.
Бақытына талайдың басшы болып,
Жасын тыйсын, жұбатшы бақытсызды.

Жаз өлеңді,  жанымды жұбататын,
Мынау қысқа өмірді ұзартатын.
Жаз өлеңді, бір жылап алайын мен,
Бір жылға, жаз өмірім қуат алсын.

Өлеңді жаз, ішпей-ақ , болатын мас,
Дәмін айтар сөзді ұғар, сезімтал дос!
Бір тарқатып алайын шерді қатқан,
Жаз қаламым, көзімде толып тұржас!

Шыңдарына сезімнің шығайын мен,
Мұңдарымды жан білмес, ақтаршы сен.
Жүрегімнің түбінде тұнып жатқан,
Сырларымды қаламым, ұрлама сен!

ӨКІНІШ ҚАЛМАЙТЫН…
Төзім бер, болаттай мықты майыспас!
Қайрат бер, нардай  нақты қайыспас!
Сезім бер, моншақтай жырлар жазатын,
Жүрекке  еніп,  ауруын жазар айықпас..!
Талап бер, таудай биіктеп еш талмайтын,
Талант бер, тәтті таусылмайтын, тозбайтын!
Денсаулық бер, суға батып, отқа жанбайтын,
Немере, шөбере бақытын бірге тойлайтын!
Бақыт бер, бал дәміне қанбайтын,
Өріс бер,  өркенім өсіп, жайлайтын!
Жалғанның мынау жалпағын еш аяма,
Жалған-ай,  деп, артымда өкініш қалмайтын!!!
ӘЙЕЛ ДЕГЕН…
Әйел деген – бір Әлем!
Келіс мейлі, келіспе.
Әр отаудың Күні ол,
Орбитасы ерекше!!!
Әр ошақтың жылуы,
Бақыты мен бағыты.
Ер жігіттің жартысы,
Таңдап алған сұлуы!!!
Әйел деген – бір Әлем!
Ай да, Күн де бір өзі,
Түні де оның жап-жарық,
Жарықтың жалғыз көзі!!!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...