Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

            Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты  Я.Есенбеков атындағы №59 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жетісай ауданының білім бөлімі Түркістан облысының білім беруді дамыту ортылығының 03.09.2025 жылғы №1096 шығыс санды хатына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдері күніне орай 2025 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында «Тіл құндылығы — ел тірегі» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өткізілді.
         Онкүндіктің мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің маңызын ұғындыру, тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілді, сондай-ақ еліміздегі барлық этнос өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Үштілділік бағытында тілдік мәдениетін дамыту және тілдерді меңгеруге қызығушылығын арттыру.
          Іс-шара барысында мектептің кіре берісінде «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылып, оқушылар ән шырқап, ойындар ойнап, тіл туралы өлеңдер оқыды.
         Тілдер онкүндігі аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің ұстазы У.К. Орынбекова 9 «А» сыныбына 05.09.2025 ж. күні «Үш тіл – бірлік тірегі» атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға тілдердің маңызын түсіндіру, көптілділік мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.
       Тілдер онкүндігі аясында мектебімізде ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі – 8-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтілді. Сайысқа жауапты ұстаздар «Орыс тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің ұстаздары М.А.Бибекова және Н.Б.Тангирбердиева. Сайыс «Язык – живая душа народа» (Тіл – халықтың тірі жаны) тақырыбымен 09.09.2025 ж. өтілді. Бұл сайыс оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеді.
       Сайыстың мақсаты:
  • Үш тілді меңгеру арқылы оқушылардың таным көкжиегін кеңейту;
  • Тілдердің өзара байланысын, маңызын түсіндіру;
  • Ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру;
  • Достық пен ынтымақ рухын нығайту.
       Сайыс кезеңдері:
  1. Викторина – Әр топ өздеріне қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді.
  2. Конскурс пословиц кезеңі – Берілген мақал-мәтелдерді толықтырп, айту.
  3. Стихотворный конкурс – Әр топ мүшелері өлең шумақтарын мәнерлеп, жатқа  айтады.
  4. «Магический квадрат» кезеңі – Квадраттың ішде жасырылған сөздерді табу.
  5. Полиглот бөлім – Жасырылған сөздерді тауып, үш тілде жауап беру керек.
       Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, бір-бірімен сайыса отырып, достықтың, тілге деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті. Қазылар алқасы әділ бағалап, жеңімпаз топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.
         Қорыта келгенде,  «Тіл құндылығы – ел бірлігі» онкүндігі – тек мерекелік іс-шара емес, ол – ұлт ретінде ұйымдасуымыздың, рухани жаңғыруымыздың, елдік тұтастығымыздың көрінісі. Қазақ тілінің тағдыры – әрбір қазақстандықтың жүрегінде болуы тиіс. Себебі тілге деген құрмет – туған елге, өткенге және болашаққа деген құрмет.
Нұржамал ТАНГИРБЕРДИЕВА,
Я.Есенбеков атындағы №59 ЖББМ КММ-нің «Орыс тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің мүшесі.
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 01 шілде. ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар ...

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

        ...

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...