Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕЛОРДАДА ЛИНГВИСТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕЛОРДАДА ЛИНГВИСТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕЛОРДАДА ЛИНГВИСТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елордада тіл білімі мамандары мен жұмыс берушілер Консультативті кеңесте жиналып, қостілді білім беруді дамытудың жолдарын талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда қазақ-ағылшын тілдерін бірдей деңгейде білетін кәсіби лингвистердің жоқтығы – өзекті мәселелердің бірі.

Кездесу барысында қазақ тілін халықаралық қатынастарда қолданудың жолдары мен «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының траекториясы талқыланды. Аталған бағдарлама қазақ және ағылшын тілдері бойынша қостілді мамандарды даярлауға бағытталған.

 «Қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында алғашқы болып «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды біздің университет бастады. Біз студенттерге ағылшын тілін басынан бастап үйретеміз. Қазақ және ағылшын тілді жоғары кәсіби лингвистерді даярлап, студенттерді қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударуға үйретеміз. Сондай-ақ бағдарлама түлектері медиа саласында да жұмыс істей алады», — дейді «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика»  бағдарламасының жетекшісі Ақерке Салимова.

Жиынға А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы, Ұлттық тестілеу орталығы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Егемен Қазақстан» газеті, Мемлекеттік тілді дамыту қоры сынды бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты.

КАЗГЮУ оқу ордасының Консультативтік Кеңесінде серіктестер студенттердің іс-тәжірибеден өту мүмкіндіктері мен бағдарламаның еңбек нарығындағы қажеттілігін атап өтті. Қатысушылар «Медиалингвистика», «Тіл және аударма»майнорларының бірегейлігін көрсететін жаңа пәндерді енгізуді ұсынды.

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...