Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Жемқорлық – елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамның әділдікке, заң үстемдігіне деген сенімін әлсірететін қауіпті құбылыс. Сондықтан да оған қарсы тұру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті.
         Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін қаншалықты қауіпті екенін, сол себепті де оған қарсы күресті барынша күшейтуді үнемі атап өтіп келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында ашықтықты қамтамасыз ету, электрондық үкімет жүйесін дамыту, мемлекеттік сатып алуларды цифрландыру – жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетігі болып отыр.
        Жемқорлықпен күресте халықтың белсенділігі ерекше рөл атқарады. Әр азамат құқық бұзушылықтың кез келген көрінісіне бей-жай қарамай, оны тиісті органдарға хабарлау арқылы әділдікке үлес қоса алады. Ашықтық, жариялылық, азаматтық белсенділік – жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыратын негізгі қағидаттар.
        Осындай қоғамдық кеселге қарсы күрестің маңызды бағыты – жастарға адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Сол бағытта мектептер мен жоғары оқу орындарында «Адалдық сағаттары», пікірталас алаңдары мен арнайы жобалардың ұйымдастырылуы өскелең ұрпақты парасаттылыққа баулиды.
        Қорыта айтар болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бастысы – әрбір азаматтың ұстанымы. Адал еңбек етіп, әділдік пен заңдылықты жоғары қойған қоғамда ғана өркениетті ел болашағы нық қалыптасады. Сол себептен де сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – баршамыздың ортақ парызымыз болуы керек.
Нұрлыбек МУТАЕВ,
Қазыбек би ауылдық округі әкімі, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...