Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

           Қазақстанның ұлан-ғайыр даласын бойлай созылған теміржол желісі – елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінің күретамыры. Бұл жүйенің мүлтіксіз жұмыс істеуі – мыңдаған теміржолшының ерен еңбегінің нәтижесі. Сол еңбектің алдыңғы шебінде жүрген абзал жандардың бірегейі – Мукалиев Ринат Айтказыевич.

          Абай облысы, Семей қаласының тумасы Ринат Айтказыевич бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ГП ВЧД-23, ТОР ст. Семей бөлімшесінде мастер-бригадир болып қызмет атқарады. Ол теміржол саласында 15 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етіп, өз ісінің шынайы шеберіне айналған.
            Теміржол саласы – жауапкершілік пен тәртіпті талап ететін күрделі сала. Мұнда әрбір бөлшек, әр механизм, әр шешім – қауіпсіздіктің кепілі. Ринат Айтказыевич осы қағиданы берік ұстанып, қызметінде ешқашан ұқыпсыздыққа жол бермеуге тырысады. Жас маман, теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмысын бақылау және алдын алу шараларын дер кезінде ұйымдастыру ісінде тәжірибелі қызметкер ретінде танылған.
          — «Теміржолшы жұмысы – үлкен жауапкершілік. Біздің еңбегіміздің артында мыңдаған жолаушының өмірі, жүктің уақытылы жеткізілуі тұр. Сондықтан, әрбір сәтіміз – тәртіп пен мұқияттылыққа бағынады», – дейді ол.
          Көп жылғы тәжірибесінің арқасында Ринат Айтказыевич жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби білімін үйретуден әсте жалыққан емес. Оның еңбекқорлығы мен іскерлігі, саланы жетік білуі әріптестері арасында зор құрметке ие екенін аңдаймыз.
           Жалпылама айтқанда, Теміржол саласында үздіксіз қозғалыс, уақытпен жарыс, дәлдік пен жылдамдық басты орын алады. Осындай талаптар қойылған ортада кәсібіне адалдық танытып, сапалы жұмысымен көзге түскен азамат – нағыз «Еңбек адамы».
         Теміржол – тек көлік қатынас құралы ғана емес,  елдің экономикалық тірегі. Мукалиев Ринат Айтказыевич өзінің білімі мен тәжірибесін осы маңызды жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арнап келеді. Оның еңбегі – еліміздің жолаушылар тасымалы мен жүк қозғалысының қауіпсіздігіне қосылған зор үлес деп баға берсек, еш артықтық етпес.
         Ринат Айтказыевичтің еңбек жолы – адалдық пен табандылықтың, кәсібіне деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісіндей. Ол – қызметін абыроймен атқарып жүрген, теміржол саласында есімі құрметпен аталатын нағыз еңбек майданының майталманы.
Ерік ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ,
Журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

Мақтаарал ауданында құқықтық көмек көрсетілуде

       Мақтаарал ...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        ...

АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

      Адамгершілікке ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

        ...

«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

       Қарағанды ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН КОЛЛЕДЖ АРАЛЫҚ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ТУРНИРІ

     Жуырда «IT ...

ТӘУЕКЕЛДІҢ ДЕ ӨЗ ОРНЫ БАР…

        ...

ТІЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

            Жетісай ауданының білім ...

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

        ...