Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

         Қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі – үлкенге құрмет, кішіге ізет. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр ғана емес, қоғамдағы адамгершілік пен бірліктің айқын нышаны. Осындай өнегелі іс Абай облысында жүзеге асты.
       «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік өңірлік филиал   өкілдері Семей қаласында тұратын белгілі қолөнер шебері, темір ұстасы Асылбай Абылай Қалқаұлына арнайы барып, қысқы маусымға қажетті ағаш-отын дайындап берді. Тағдыр тауқыметін өткеріп жатқан I топтағы мүгедек шебер үшін бұл – үлкен көмек әрі көңіл демеу.
         Тағдыр жолында  теміршілік пен ағаш өңдеу ісін меңгерген Асылбай Абылай Қалқаұлы бүгінде Семей өңіріне белгілі ұсталардың бірегейі.  Оның қолынан шыққан темір бұйымдар мен тұрмыстық заттар талай шаңырақтың сәнін келтіргенін ел-жұрт естіп, көріп жүр. Алайда,  денсаулығына байланысты бүгінде ол ауыр жұмыс істей алмайды. Қысқы отын әзірлеу де оңай шаруа еместігін айтпақпыз.
         Партия өкілдері бұл жолғы іс-шараны «Үлкенге – құрмет» акциясы аясында ұйымдастырды. Олар,  қолөнерші шебердің үйіне арнайы барып, бірнеше сағат бойы ағаш кесіп, бұтап, қыстық отынын дайындады. Бұл – тек физикалық көмек қана емес, моральдық тұрғыда да үлкен қолдау деуге болады.
         «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиал өкілінің  айтуынша, мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады: «Біз үшін ең бастысы – халықпен бірге болу, олардың мұң-мұқтажына бейжай қарамау. Ұлттық дәстүріміздегі үлкенді сыйлау, қамқорлық көрсету – партиямыздың ұстанымы. Қолөнерші Абылай ағамыз – тек шеберлігімен емес, өмірге деген қайтпас қайрат-қайсарлығымен де жастарға үлгі болатын жан,» – деді ол.
         Қазақ қоғамында қайырымдылық пен бір-біріне жәрдемдесу – қашан да жоғары бағаланған. Бұл жолғы көмек те сол асыл дәстүрдің бүгінде де өз жалғасын тауып отырғанының дәлелі.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...