Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"АСТАНА КҮНІ" – ЖАҢАРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛЫСТЫҢ КҮНІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АСТАНА КҮНІ» – ЖАҢАРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛЫСТЫҢ КҮНІ

«АСТАНА КҮНІ» – ЖАҢАРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛЫСТЫҢ КҮНІ

            6 шілде – «Астана күні». Бұл – еліміздің елордасы, мемлекеттік басқарудың жүрегі саналатын Астананың құрметіне арналған ресми мереке. Астана – тек саяси орталық емес, ол – мәдениет пен білімнің, ғылым мен өнердің, ұлттық бірлік пен жаңғырудың символына айналған қала.
          Мерекенің басты мақсаты – елорданың даму жолын насихаттау, қаланың бүгінгі келбетін көрсету және елдің өркендеуіне қосқан үлесін ұлықтау.
         Астана – ғасырлар тоғысында дүниеге келген, қысқа уақыт ішінде әлемдік деңгейде мойындалған ерекше құбылыс. Арқа төсінде бой көтерген бұл қала – сәулет пен заманауи технологияның, ұлт болмысы мен өркениеттің өзара үндескен орны.
         Қаланың даму қарқыны – еліміздің даму көрсеткішімен қатар жүріп келеді. Жаңа мектептер мен ауруханалар, ғылым мен мәдениет орталықтары, тұрғын үй кешендері мен қоғамдық кеңістіктер – бұның бәрі елорда тұрғындарына жайлы жағдай жасаудың көрінісі.
          Астана – бүгінде, тек, әкімшілік орталық қана емес, мәдени өмірдің қызу жүретін алаңы. Қалада жыл сайын халықаралық театр фестивальдері, өнер көрмелері, кітап жәрмеңкелері, дәстүрлі музыка кештері ұйымдастырылады. Жастарға арналған білім беру жобалары, шығармашылық форумдар мен ғылыми конференциялар елорданың зияткерлік орталық ретіндегі рөлін арттыра түсуде. Сондай-ақ, қаланың архитектурасы мен инфрақұрылымы – еліміздің заманауи бейнесін айқындайтын маңызды фактор. Тәуелсіздік пен тұрақтылықты білдіретін Бәйтерек, бейбіт өмірді символдайтын Бейбітшілік пен келісім сарайы, ұлттық өнер мен мәдениетті паш ететін «Қазақ елі» монументі – осының бәрі Астананың тарихи-рухани келбетін танытады.
         Астана – еліміздің түкпір-түкпірінен арман қуып келген жастардың қаласы. Мұнда мыңдаған жас білім алып, еңбек етіп, өмірге жолдама алуда. Сондықтан, Астана күні – тек қаланың туған күні емес, жас ұрпақтың арманы мен болашағының да мерекесі.
         Осы күні өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралар, концерттер мен көрмелер, флешмобтар мен спорттық жарыстар елорда өмірінің жарқын көрінісін көрсетеді. Бұл – халық пен билік арасындағы жақындықты, ұлт пен ұрпақ сабақтастығын сезіндіретін сәт.
          Астана күні – әрбір азамат үшін тек мереке емес, елге, жерге, болашаққа деген құрметтің, сенімнің, мақтаныштың күні. Бұл күн – барша халықтың ортақ қуанышы. Бұл күн – бейбіт өмір мен берекелі тіршіліктің айғағы.
         АСТАНА КҮНІ құтты болсын! Елордамыз көркейе берсін, халқы бақуатты, болашағы жарқын болсын!
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ғылым мен өндіріс – өзара әріптестік қажет

        ...

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ

        ...

Жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

        ...

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

        ...

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ТУҒАН ТОПЫРАҚТА ҰЛЫҚТАЛҒАН ӨНЕР ТАРЛАНЫ: МӘДЕНИЕТ ЕШЕКЕЕВКЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ

        ...

«ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ» – ҰЛТ ҮНІ ЕСТІЛГЕН БАСТЫ МӘРТЕБЕЛІ АЛАҢ

ПРЕЗИДЕНТ СЕНІМІ – «АУЫЛ» ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНА 25 ЖЫЛ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АДАЛ ҚЫЗМЕТ

        ...