Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНЫМЫЗДЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНЫМЫЗДЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНЫМЫЗДЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

        Ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Жетісай ауданына арнайы іссапармен келіп, шаруаларымен кездесті.
         Сапардың негізгі мақсаты — ағын су тапшылығына байланысты жағдайды талдау, алдағы вегетациялық кезеңге дайындықты пысықтау және ирригациялық инфрақұрылымды жаңарту мәселелері бойынша ұсыныстарды тыңдау болды.
         Вице-министр сапар барысында К-21, К-28, К-30 сияқты «Достық» магистральді каналының негізгі тармақтарымен танысты. Аталған арналар — өңірдегі ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ететін басты инфрақұрылым нысандары. Алайда соңғы жылдары бұл арналарда ағын су тапшылығы қатты сезілуде.
         Ашық аспан астында өткен кездесуде шаруалар өңірдің басты табыс көзі — егін шаруашылығына тікелей әсер ететін ағын судың жетіспеушілігі, каналдардың тозуы, су шығынының артуы және жер асты суларымен байланысты қиындықтар жайлы ашық айтты.
          «Ағын су егістікке жеткенше біраз бөлігі жерге сіңіп кетеді, буланып жоғалады. Тозығы жеткен каналдар суды үнемді жеткізе алмай отыр. Күрделі жөндеу қажет», – деді шаруалар.
           Жауап ретінде Нұрлан Алдамжаров:
  • Ағын су арналары кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтетінін;
  • Су үнемдеу технологияларын енгізген шаруашылықтарға мемлекеттік субсидия қарастырылатынын;
  • Жетісай мен Мақтаарал аудандары үшін 100 су сорғы қондырғысын жеткізу жоспары бар екенін мәлімдеді.
         Ол сондай-ақ тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін меңгерудің маңыздылығын айтып, бұл тәсілдердің су шығынын бірнеше есе азайтып, өнімділікті арттыратынын жеткізді.
          Кездесу барысында диқандар өзекті сұрақтарын қойып, су тапшылығына қатысты нақты шешімдерді талап етті. Вице-министр тарапынан әрбір ұсыныс пен мәселе назарға алынып, ретімен қаралатыны, тиісті министрліктер мен мекемелерге жолданатыны айтылды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...