Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

        Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды.
       Оған қатысу үшін кандидаттың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес сертификатының болуы қажет (ұсынылатын құжаттар: 3х4 нұсқада фотосурет, білімін, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат).
       Іріктеу 6 кезеңнен тұрады (кандидаттардың құжаттарын қабылдау; мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; ситуациялық тапсырмаларды шешу; құзыреттерді бағалау; Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда  кандидаттармен әңгімелесу; Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау) және осы жылдың маусым-қазан айлары аралығында өткізіледі. Оған қатысатын кандидаттардың құжаттарын қабылдау осы жылдың 1-30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн жүзеге асады.
       Бұл ретте, іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар салалары бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде осы салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
        Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі мәртебесіне ие болады.
        Резервшілерді мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша резервке алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
        Кандидаттың резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы, анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну, кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкес болмауы іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі болып табылады.
         Осы орайда, жастарымыздың бойындағы күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру үшін, мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет.
         Сондықтан, елге адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамын.
Абылайхан  НАУРЫЗБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы.
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...