Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Туған перзенті мен ата-анасына тасбауыр перзенттердің кесірінен бүгінде елде жетімдер үйі де, қарттар үйі көбейген. Бұл бүгінгі күннің ащы шындығы. Олардың тағдыры мен болашағы бұлыңғырланып, психикасына салмақ түскен сәттерде олар үшін кез-келген қолдау, көмек, көңіл бөлу маңызды.
Әрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар болғанымен біздің қазақ ежелден жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық. Тек жеке бастың ғана емес, қоғамның қасіреті болған бұл құбылыстар жас шыбықтың буыны бекімей жатып тағдырдың кермек дәмін татуға, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа душар ететін сәттері де жиі кездеседі. Міне, осындай психологиялық дағдарыстарды болдырмау, алдын алу мақсатында мемлекет пен қолы ашық жомарт жандар сан түрлі әлеуметтік, қайырымдылық шараларын жүзеге асырып келеді. Әйтсе де, ата-ананың орнын ешкімнің баса алмайтыны тағы да шындық.
Аудандағы жастар саясатының жүйелі жүзеге асуымен қатар қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмайтын Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері мен ауданның ерікті жастары Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы “Бауыржан” отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Аталмыш орталықта тәрбиеленіп жатқан 49 бүлдіршінге қыстық киімдер мен азық-түлік, тәттілер тарту етті. Көңілдеріне қуаныш сыйлады.
“Жарық дүниеге келе салысымен тағдырдың тезгісіне түскен іні-қарындастарымыздың көңіліне қуаныш, жүректеріне демеу болуды азаматтық парызымыз санадық. Бұл – өмір, бұл – тағдыр. Адам баласы тағдырына таңдау жасай алмайды. Сондықтан, біз бір-бірімізге демеу, қорған болуымыз керек” деді өз сөзінде Жетісай жастарының көшбасшысы Нұрлыбек Мутаев.
Қамкөңіл балалармен кездесуде жұбаныш сөздерімен демеу болған Жетісай жастары алдағы уақытта да жиі хабар алып тұруға уәде берді.
Жетісай аудандық Ішкі саясат бөлімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...