About Қалмұрат
Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын.
Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/
https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202
https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.
Related Articles
ӨНЕРДІ СҮЙГЕН ІЗГІ ЖАН
31/10/2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯ ӨТКІЗІЛЕДІ
28/10/2025
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
Ұстаз-болмысынан тас тесетін су секілді. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, оның ұшқыр қиялына қанат бітіретін, болашақ биіктерге самғауына берік тұғыр қалайтын осы ардақты ұлағат иесі емес пе? Ұлағатты ұстаз болып, есімі келер ұрпаққа үлгі болған, халқына адал қызмет ететін тұлғаларды тәрбиелеген ұлағатты ұстаздар қаншама. Бүгін қолыма қалам алуыма себеп болған, ой тербеткен осындай ұлағатты ұстаз, менің Аманкүл ұстазым.
«Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы» демекші, анамның шәкірттері бүгінгі таңда халқына қызмет етіп жатқан тұлғалар. Солардың бірі Шүкір Шахай. Ол еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Киров (қазіргі “Мақтаарал”) аудандық “Комунистік еңбек” газетінде фототілші болып бастаған. Одан кейін 1990 жылы республикалық ”Халық кеңесі” газеттерінің фототілшісі болды. 1990-1996 жылдары жалпыұлттық “Егемен Қазақстан” газетінде фототілші болып еңбек етті. Сондай-ақ республикалық “Жас алаш”, халықаралық “Түркістан” газетінде де жұмыс істеді. 2002 жылдан бері Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Кеңсесі Баспасөз қызметінің Бас сарапшысы.