Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

         Семей қаласындағы «№ 37 гимназияда» Хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жас ақындардың өнерін шыңдау, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ…» жыр сайысы өтті. Қазақтың бас ақынын ұлықтау, оның мұрасын жас ұрпаққа насихаттау жолындағы бұл байқау жас таланттарға шабыт сыйлап, өлең өлкесіне қанат қақтырды.

          Жыр додасында «Ақ қауырсын» өнер үйірмесінің жас талап алғыр шәкірттері өзара бақ сынасты. Олардың қатарында: Азалия Увалиева, Адислам Айдосұлы, Інжу Сембай, Нұрсана Арнұрқызы, Нұртілек Нұрлыбекұлы, Назар Асубаев, Кәусар Амирсанова, Ерасыл Сәкенов, Гаухар Мұқаметқали сияқты дарынды жас ақындар бар.
        Сайыс екі кезеңнен тұрды:
       І кезең: «Шабытты жыр шумақтар шуағы»:
Қатысушылар алдын ала дайындаған өз өлеңдерін ұсынып, дана Абайға деген құрметін, туған жерге деген сүйіспеншілігін, ұлттық рух пен терең ойларын жырларына арқау етті.
        ІІ кезең: «Өлеңмен өрнекте ой иірімін»:
Бұл бөлімде жас ақындардың суырыпсалмалық қабілеті сыналды. Әділқазылар алқасы қатысушыларға түрлі тақырыптар ұсынып, небәрі 10 минут ішінде кемінде 3 шумақ өлең жазу тапсырылды. Осылайша, олардың тапқырлығы, көркем ойлауы және жедел шабыттану қабілеті бағаланды.
       Сахна сәніне айналған әсем әндер.
       Жарыс барысында тек өлең ғана емес, көрермендерге тамаша ән шашу да тарту етілді. Қатысушылар мен қонақтар ән мен жыр қатар өрілген әсерлі кештің куәсі болды.
       Жеңімпаздар мен марапаттау сәті.
        Жыр додасының ашылу салтанаты мен қорытынды сөзін «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияның» құрметті ұстаздары сөз тізгіндеді.  Олар жас ақындарға ізгі тілектерін білдіріп, шалқар шабыт пен әлеуетті шығармашылық, толайым табыс тіледі.
       Сайыс соңында, әділқазылар шешімімен «Ақ қауырсын» өнер үйірмесінің жас шәкірті, гимназияның 7 — «В» сыныбының оқушысы Сембай Інжу ерекше дарынымен көзге түсіп, «Бас жүлдені» иеленді. Одан бөлек, жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар және арнайы номинация жеңімпаздарына Дипломдар табысталып, Алғыс хаттармен марапатталды.
       Қорытындылап айтқанда, бұл жыр додасы ақындыққа талпынған жастар үшін үлкен шығармашылық алаң болды. Абайдың өнегелі жолын жалғап, жыр әлеміне бет алған жас талапкерлерге шабытты шақтарың көп болсын! — деген ізгі тілек білдіреміз.
         Жас ақындарға өрісті өнер, жырлы ғұмыр тілейміз! Хакім Абай Құнанбайұлының рухы қолдағай!
Ерік ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Семей қаласы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...