Әрбір кәсіптің дамуы мен өркендеуі үздіксіз білім алуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға байланысты. Бұл тұрғыда жас ман мен тәлімгер арасындағы қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Тәлімгер – мол тәжірибесімен бөлісетін, бағыт-бағдар беретін ұстаз болса, жас маман тың идеяларымен, шығармашылық көзқарасымен ерекшеленетін болашақтың жарқын өкілі.


