Мақсаты: Балаларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау. Балалардың қаржылық сауаттылығын дамыту, ақша жайлы түсінік беру. Ірі және ұсақ ақшалардың айырмашылығын үйрету.

Балаларды үш топқа бөлу. «Теңге», «доллар», «евро».
Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын. Оқушылар 15 қараша қандай күн? Білесіздер ме? 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Олай болса бүгінгі біздің балаларды 3 топқа бөлініп, бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз.

1-топ «Теңге» — «Планшет ойыны»;
2-топ «Доллар» — «Банкомат ойыны»;
3-топ «Евро» — «Телефон ойыны».
І-деңгейдегі тапсырма
Плпншет ойыны :
Шарты : Балалар тәрбиешінің көрсеткен суретіне сәйкес планшетке геометриялық фигуралардың суретін түсіру, сол арқылы балалардың білімін тексеру.
ІІ-деңгейдегі тапсырма
Банкомат ойыны :
Шарты : Кілемшедегі тиындардан секіріп өтіп банкоматтан ,карточканы салу арқылы ақшаны шешіп алу.Балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету,жылдамдығын тексекру,қол маторикасын дамыту,
ІІI-деңгейдегі тапсырма
Телефон ойыны:
Шарты: Ұялы телефонның артына асықтардың суреті жасырылған, сол суретті түсіне сәйкес екінші сыңарын табу. Балалардың танымдық қабілетін дамыту , жылдамдығын тексеру,балалардың зейінін бір жерге шоғырландыру.

Сауалнама:
Ұлттық теңге жайлы не білдік?
1993 жылы Ұлттық теңге айналымға еңгізілді
15 қараша ұлттық теңге күні
Ақша дегеніміз – айырбас құралы
«Теңге», «Доллар», «Евро» топтары белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хатытарымен марапатталады.
Дәстүрден тыс сурет салу әдісі.

САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
