Мақсаты; Балалардың сұрақтар, тапсырмалар арқылы ой өрісін жетілдіу. Логикалық қабілеттерін арттыру.Балалар топқа бөліну арқылы тапсырмаларды орындайды.
Ұйымдастыру кезеңі:
Іс — әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті.
Шаттық шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Тату, тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Армысыңдар қонақтар!
Қош келдіңдер апайлар.
Алдарыңда балақай
Көрсетерміз сабақ — ай.
Балаларды екі топқа бөлеміз:«Алғырлар»және «Тапқырлар»тобы
1-тапсырма«Жұмбақты шешу»
Екі топтан топбасшы сайлап алып,екі баланы тақтаға шақырамыз. Тақтада пішіндер тұрады, пішіндер астына жұмбар жасырылған. Балалар бір пішінді алып,жұмбақтардың шешуін табады.

Жұмбақтар:
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Көктем
Суда мұзбар,
Жерде қар бар.
Боран борапсоғады,
Бұлқаймезгілболады?
Қыс
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
(Күз )
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Жаз
Екінші тапсырма:Үстел үсті дидактикалық ойындар.
Мақсаты: екі топтан кезекпен балаларды шақырып ойынды асық лақтыру арқылы, асық түсіне қарай жасырынған ұлттық құндылыққа байланысты тапсырмалар орындау.Жылдам орындаған балаға жұлдызша беріледі.

Үшінші тапсырма: Асықтарды теңестіру.
Мақсаты: екі топ балаларына асық беріледі.Сол асықтарды түсіне қарай теңестіру қажет.Жеңіске жеткен топқа жұлдызша беріледі.

Төртінші тапсырма: Пазл құрастыру.
Мақсаты: Екі топқа ұлттық құндылыққа байланысты суреттердің бөліктері беріледі. Қай топ жылдамдықпен сурет бөліктерін құрастырса, сол топқа жұлдызша беріледі.

Сергіту сәті
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Баланүйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Бесінші тапсырма: Сандар ойыны.
Мақсаты: Тәрбиеші екі қатар орындыққа сандар жабыстырып, екі топтан бала шақырады. Тәрбиеші бір санды көрсетеді. қай бала жылдам санды тауып орындыққа отырса сол топ баласы жұлдызшаға ие болады.

САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
