Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
СИҚЫРЛЫ САНДАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » СИҚЫРЛЫ САНДАР

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 — 5 – ке дейінгі сандарды тура және кері санауға, Ұлттық құндылықтарымыздыңмбірі асық туралы түсіндіру.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал — мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту. Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілік: Асықтар, Сандар. кубиктер.
Барысы:
Балалар кәне орнымыздан түрып жылулық шеңберін орндайық.
 Жылулық шеңбер: « Жүректен жүрекке ». Жылы лебіздерін бір — біріне білдіреді. (енді орындарымызға барып отырайық).Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс — әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар». Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Іздену – ұйымдастырушы
Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс — әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар». Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық оқу іс — әрекеті қызықты болып өтпек, себебі үш топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді. Қазір сендерге қоржын берем соның ішіннен бір бір асық алып шағасыңдар.Кімде қандай түс шықса соған қарай бөлініп отырасыңдар.
Балалар енді сендермен бірінші тапсырманы орындайықшы.Мына асық қандай тапсырма алып келген екен көрейікш
1ші тапсырма 5 ке дейін тура және кері сана.
2ші тапсырмамыз адасқан сандарды орындарына қой.
3ші тапсырмамыз снамақ айтайық .
Ал балалар кәне тапсырманы орындайықшы.
1ші тапсырма:1 – 5 ке  дейін тура және кері санап және сол сандардың ішінен бір санды көрсете отырып, сол санға байланысты санамақ айту.
(Балалар 1  – 5 ке   дейін тура және кері санап шығады.
Балалар өздерінің білетін санамақтарын айтады.)
Балалар тапсырмаларды қызыға орындап шығады.
2 — тапсырма:
— Балалар, ауызша есептер шығара аласыңдар ма? Ендеше менімен «Ойлан тап»ойынын ойнаңдар.

1. Апам менің базардан
Төрт алма сатып әкелді
Үшеуін ағам жеп қойды
Сонда қалды нешеуі?
(1)

2. Сымда тұрған екі құсқа
Ұшып келді біреуі
Сонда болды нешеуі?
(3)

3. Оң жақ талда екі алма
Сол жақ талда бес алма
Қосып көрші барлығын
Болып шықты неше алма?
(7)

4. Алты қонжық көңілді
Шықты орманға асығып
Біреуі шаршап — шалдығып
Қалды достарынан ажырап
Келді орманға алдымен
Нешеуі екенін кім табады?
(5)

5. Үстел үстінде үш бәліш
Оған апам қосты тағы төрт бәліш.
Болып шықты сонда
Барлығы неше бәліш?
(7)

6. Оң жағымда үш ұлу
Сол жағымда алты ұлу
Қосып едік екеуін
Болып шықты неше ұлу?
(9)

3 — тапсырма. Сандарға байланысты мақал — мәтелдер айтып, жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Мақал — мәтелдер.

Жұмбақтар:

1. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)

2. Төрт бұрышты қатты
Дәмі сондай тәтті.
(Қант)

3. Оң жағымда бес сарбаз.
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ)

Тәрбиеші: Қане, балалар, енді бір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Барлығымыз слайдқа қарап балалардың қимылын қайталап билейік.
(Балалар «Қамажай» әніне ою өрнекті салып билейді.)
4 — тапсырма. Ал балалар енді шығармашылық орталыққа барып сандарымызды бейнелейік.
Тәрбиеші балаларға бояларды пайдалана отырып, қалай  бояу керек екенін  көрсетіп береді.
— Балалар сендерге көп — көп рахмет!
Жарайсыңдар, балалар, сендер сиқырлы сандардың тапсырмаларын дұрыс орындап, өз білімдеріңді көрсеттіңдер.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: 1 – 5ке дейін тура және кері санап, ауызша есептер шығара білді.
Нені білу керек: Сұрақтарға толық жауап беріп, санамақ, мақал — мәтелдер білу керек.
Эльмира ДОСҚАРАЕВА,
«Жолбарыс ата» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...